Жасанды интеллект • Бүгін, 09:54

Газ саласын цифрландыру: QazaqGaz Aimaq қосымшасы қалай жұмыс істейді?

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Отын-энергетика кешенін цифрлық трансформациялау аясында газ саласында да қызмет көрсету тәсілі түбегейлі өзгеріп келеді. Энергетика министрлігі бұл бағытта бірқатар цифрлық шешімді кезең-кезеңімен енгізіп, тұтынушы мен компания арасындағы байланысты жеңілдетуге басымдық беріп отыр, деп жазады Egemen.kz

Газ саласын цифрландыру: QazaqGaz Aimaq қосымшасы қалай жұмыс істейді?

Өткен жылы QazaqGaz Aimaq мобильді қосымшаны іске қосты. Қосымша газ тұтынушыларға есептегіш көрсеткіштерін қашықтан әрі ыңғайлы жолмен жолдауға мүмкіндік береді. Оның басты ерекшелігі – көрсеткіштерді фото арқылы автоматты түрде тану, деректердегі қате мен ауытқуларды алдын ала тексеру. Сондай-ақ пайдаланушылар тұтыну көлемі мен төлемдер тарихын көре алады, есептегішті тексеру мерзімі мен жоспарлы жұмыстар жөнінде хабарлама алады.

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?

Қазіргі таңда қосымшада виртуалды AI-кеңесші жабық тестілеу кезеңінен өтіп жатыр. Жасанды интеллектке негізделген бұл цифрлық көмекші табиғи газ тұтынушылардың сұрақтарына тәулік бойы жауап беруге бағытталған. Компанияның колл-орталығы әзірге тек жұмыс уақытында қызмет көрсетсе, тұрмыстық газға қатысты сауалдар кез келген мезетте, демалыс пен мереке күндері де туындайтыны белгілі. Осы олқылықтың орнын AI-кеңесші толтырмақ.

Жаңа сервис бірнеше LLM-модельде сынақтан өткізіліп, ең тиімді әрі дәл нұсқасы таңдалып жатыр. Ақпараттың сапасы мен өзектілігіне айрықша мән берілген. Виртуалды көмекші тарифтер, салалық нормативтік-құқықтық талаптар мен ережелер, қажетті құжаттар тізімі, газға қосылу тәртібі және өзге де сұрақтар бойынша толық әрі жаңартылған мәлімет ұсынады. Бұл тұтынушыларға қажетті кеңесті жедел әрі қолайлы түрде алуға жол ашады.

Жасанды интеллект жаңылса, кім жауапты?

AI-кеңесшінің функционалы газбен жабдықтау тақырыбымен шектеледі. Оның білім базасы тұрақты түрде жаңартылып, сервис алдағы уақытта да жетілдіріле бермек.

Адам & жасанды интеллект: Дуэт пе, дуэль ме?

Бүгінде мобильді қосымшаны жарты миллионнан астам адам жүктеген. Соның көмегімен 200 мыңнан аса газ есептегіш көрсеткіші жолданған. Бұл цифрландырудың газ саласындағы нақты нәтижесін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі саналады.

Соңғы жаңалықтар