Білім • Бүгін, 19:52

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға 184 МЫҢ талапкер қатысады

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2026 жылғы наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 184 мыңға жуық түлек тестілеуден өтуге ниет білдірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп, деп хабарлайды Egemen.kz

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға 184 МЫҢ талапкер қатысады

Талапкерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляцияға өтініш берген тестіленушілердің сертификаты аппеляциялық комиссияның  шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады.

2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» пәндерінен 10 тапсырмадан, сондай-ақ екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 тапсырмадан беріледі. ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгермейді және 140 балды құрайды.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

Айта кетейік, ҰБТ 2 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.

ҰБТ: Қостанай облысында талапкерлердің 74%-ы шекті балл жинады

Естеріңізге сала кетсек, наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар, өткен жылғы мектеп түлектері, колледж түлектері, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, шетелде білім алған ҚР азаматтары, мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін  қатысады.

Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады

 
Соңғы жаңалықтар