Ата заң • Бүгін, 20:50

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе ЖЭО ұжымымен Конституция жобасын талқылады

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді. Сапар аясында коалиция өкілдері стратегиялық маңызы бар нысан – «Ақтөбе ЖЭО» АҚ ұжымымен жүздесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе ЖЭО ұжымымен Конституция жобасын талқылады

ЖЭО қызметкерлерімен әңгімелесу барысында Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дания Еспаева және Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев энергетиктердің жұмысы адамдардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететінін атап өтті. Себебі стансаның тұрақты қызметі үйлерге жылу берілуін, мектептердің, ауруханалар мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Дәл осындай стратегиялық нысандар арқылы азаматтар мемлекеттік саясаттың сапасын және қоғам алдындағы жауапкершілік деңгейін сезінеді.

Дания Еспаева қолданыстағы Конституцияның 1995 жылы қабылданғанын еске салып, осы уақыт аралығында елдің қоғамдық өмірінде, ішкі және сыртқы саясатында ауқымды өзгерістер орын алғанын атап өтті.

д

«Мемлекет басшысы Парламентті және Конституцияны жаңғырту үшін реформалар қажет екенін айтты. Азаматтардан 2,5 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. 20 қаңтарда оларды қарастыру және өзгерістер енгізу мақсатында Конституциялық комиссия құрылды», деді Мәжіліс Төрағасының орынбасары.

Жиында мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін және азаматтардың құқығын қорғауды бекітетін жаңа Конституция жобасының нормаларына ерекше назар аударылды. Дания Еспаеваның айтуынша, бұл қағидаттар инфрақұрылымдық саланың орнықты дамуына ұзақмерзімді құқықтық негіз қалыптастырып, стратегиялық кәсіпорындардың тұрақты, қауіпсіз әрі болжамды жұмысын қамтамасыз етеді.

Кездесу барысында Ерлан Сәрсембаев қауіпсіз еңбек жағдайларын, лайықты жалақыны және қызметкерлерді әлеуметтік қорғау кепілдіктерін бекітетін нормаларға жеке тоқталды. Министрдің сөзінше, бұл кепілдіктердің Ата Заң деңгейінде бекітуілуі еңбек адамын қорғауды күшейтеді және мемлекеттік саясатта адамның құндылығы мен қадір-қасиетінің басымдығын көрсетеді.

л

«Конституцияда алғаш рет мемлекеттің жауапкершілігі бекітілді: мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның кінәсінен келтірілген залал үшін тұтастай мемлекет жауап береді. Бұл дегеніміз, адам жүйенің тұтқыны болмауы керек. Мемлекет азаматқа қызмет етеді. Негізгі мақсат – мемлекеттік аппараттың жұмысын адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беретіндей қайта құру», деді министр.

Спортшылар ел азаматтарын референдумды қолдауға шақырды

Кездесу қорытындысында қатысушылар Конституция жобасының негізгі бағыттары мен нормаларын талқылап, өз пікірлерін білдірді.

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?

Соңғы жаңалықтар