Өңір басшысы алдымен 15 наурыздағы республикалық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызын атап өтті. Сонымен қатар 13 ақпаннан бастап өңірде «Әділ, прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы жұмысын бастағаны айтылды. Коалиция құрамына бес саяси партия филиалы – «Amanat», «Қазақстан Халық партиясы», «Ауыл», «Ақ жол», «Respublika», сондай-ақ кәсіподақ ұйымдары, ардагерлер кеңесі мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енген.
Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті
Отырысқа қатысушылар Конституция жобасына енгізілген өзгерістердің құқықтық негіздері туралы баяндама жасады. Бүгінде облыста референдумға қатысты кешенді ақпараттық науқан белсенді жүргізіліп жатыр.
Жиын барысында жаңа Конституция жобасының ашық әрі жария талқылаудан өткеніне ерекше назар аударылды. Әрбір азаматтың өз пікірін білдіру мүмкіндігі нығайып, заманауи талаптарға сай шешімдер қабылдауға жол ашқаны айтылды.
АҚШ-тағы заң мектебінде еліміздің жаңа Конституциялық реформасы талқыланды
Кездесу соңында облыс әкімі Конституциялық реформалардың табысты жүзеге асуы қоғамдық келісім мен әр азаматтың белсенді ұстанымына байланысты екенін атап өтіп, жиынға қатысушыларға алғыс білдірді.
Ұлытау облысы