10 Шілде, 2010

ОҚУШЫЛАР БАТЫР БАБАЛАРЫНА ТАҒЗЫМ ЕТУДЕ

580 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еркін елдің ертеңі Өткеннен үлгі ала отырып, отан­­­­­­шыл­дық рухты қалыптастыру жо­лын­да жастардың бұл серпілісі жа­ны­ңа жылу ұялатады. Бір заман­дары Жан-Жак Руссо “Ең ұлы жақсы­лықтар мен игі жеңістер ата­ме­кенге деген сүйіспеншіліктің ар­қа­сында жасалады” депті. Шы­нын­да, атаме­кенін ардақтай отырып, сол қасиетті жерді қорғаған батыр­лар рухына тағ­зым етудің әдемі үл­гісін Алматы об­лысы, Қарасай ау­данындағы Қарасай батыр атын­да­ғы мектеп-гимна­зия­сының оқу­шы­лары көрсетіп отыр. Олар таяуда Алматы мен Астана арасында Жібек жолы бойымен экспедиция ұйымдастырып, киелі ұлт ұлыларына құрмет көрсетті. Астанаға атбасын тірегенде оларды елордадағы Райымбек батыр атын­­дағы №50 “Қазғарыш” мектеп-ли­цей оқушылары қарсы алып, елор­дамен таныстырды. Қалалық білім басқармасының бастығы Ә.Би­мен­дина оқушыларды қабылдап, олар­дың Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданында жатқан Қара­сай мен Ағынтай батырлардың басына барып қайтуға, одан өзге де ұлты­мыздың арыстарының рухына құран бағыштауына мүмкіндік жасады. Білектің күшімен, найзаның ұшымен осынау байтақ даламызды басқыншылардан қорғаған батыр бабалар бастарына барып зират ету­мен ғана шектеліп қалмай, олардың бойындағы ел мен жерге деген адал­дықты, батырлық пен батыл­дықты үйренсек, ойымызға дарыт­сақ, сөйтіп, замандастарымызға үлгі болсақ деген оймен осы жорыққа шыққан едік. Бұл жолы Жетісу мен Арқаны араласақ, алдағы уақытта мұндай сапарларды батыс өңіріне жасап, Исатай мен Махамбет ба­ба­ларымыз басқан өңірге жол тарт­пақпыз, – дейді қарасайлық оқушы Ел­дар Жұматаев. Сүлеймен МӘМЕТ.