Сәулен отбасындағы екінші жас маман – Хақназар. Ол 2015–2020 жылдары Назарбаев университетінде роботтехника және мехатроника мамандығы бойынша білім алды. Технологияға деген қызығушылығын тереңдету мақсатында Аустралиядағы «Torrens University»-де IT саласы бойынша магистратураны аяқтады. Қазір ол Аустралияның Брисбен қаласында ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істеп, халықаралық IT-индустриясында тәжірибе жинап жүр. Оның кәсіби жолы – қазақ жастарының әлемдік технологиялық кеңістікке еркін қанат сермеп жатқанын көрсетеді.
Айданақ – халықаралық тәжірибесі мол жас кәсіпкер. Ол Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі ретінде білім жолын бастап, кейін Назарбаев университетінде әлеуметтану және экономика мамандығы бойынша бакала-вриат бітірді. Студенттік кезеңнен халықаралық жобаларға қатысып, 2018–2020 жылдары АҚШ-тағы «Southwestern Advantage» компаниясында маркетинг саласында жұмыс істеді. Осы бағдарлама аясында тоғыз елде өткен шараға еліміз атынан қатысып, кәсіби тәжірибесі мен біліктілігін көрсетті. Кейін халықаралық «Eskimi Adtech» технологиялық компаниясында маркетинг және бизнес аналитика саласында еңбек етіп, 2023 жылдан бастап жеке компаниясын дамытып келеді.
Отбасындағы ең жас маман Нартегінді білімге құштар жаңа буын өкілі деуге болады. Ол 2019–2025 жылдары Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алып, математика пәні бойынша олимпиадалардың жүлдегері атанды. 2025 жылы Назарбаев университетіне бакалавриат бағдарламасына оқуға түсіп, болашақ ғылыми жолының алғашқы қадамын жасады. Бір сәт бұл отбасындағы жас ізденушілерге назар салсақ, олардың білімге құштарлығы, халықаралық тәжірибесі мен өз білімін қоғам игілігіне жұмсауға деген жауапкершілігі мадақтауға тұрарлық.