13 Мамыр, 2015

Қазалы ауданында жас кәсіпкерлер форумы өтті (фото)

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG_0467АСТАНА. 13 мамыр. Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Нұр Отан» партиясының саяси доктринасын іске асыруға бағытталған «Мықты бизнес – қуатты мемлекет» атты жас кәсіпкерлер форумы өтті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Форумды аудан әкімінің орынбасары Б.Жарылқап ашып, жүргізіп отырды. Оған «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Байқадамов, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Қ.Датқабекова, Жастар ресурстық орталығының «Жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау» бөлімінің аға кеңесшісі Ж.Досмаханов қатысып, өз ойларымен бөлісті. Форум барысында мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған түрлі бағдарламалар, жаңа кәсіпкерлік түрлері туралы баяндалып, жастарға кеңестер айтылды. Сондай-ақ, жас кәсіпкерлер М.Қаниев, Н.Қазбергенов және Қазалы қаласындағы Орталық алаңға «Демалыс ойын-сауық орнын» ұйымдастыруды қолға алған Ж.Жұбанғанов өз пікірлерін білдірді. Шара соңында аудан бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытуда белсенділік танытып жүрген бір топ жас кәсіпкерлер аудан әкімінің, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының және облыстық салалық басқарма басшыларының «Алғыс хаттарымен» және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: egemen.kz. IMG_0465 IMG_0455 IMG_0453