«Кеше Иранда қыздарға арналған мектепке жасалған әуе соққысы салдарынан ондаған бала қаза тауып, көптеген бала жарақат алды. Біз құқық қорғау саласындағы әріптестерімізбен бірге бұл қасіретті оқиғаға қатты күйзелдік», деді ол.
«Балалар – кез келген қақтығыста ең осал топ. Олар соғысты таңдаған жоқ, саяси шешімдер қабылдамайды және ересектердің әрекеттері үшін жауапты емес. Алайда ең ауыр зардапты дәл солар шегеді. Балалар жапа шекпеуі, қорқыныш сезінбеуі тиіс», дейді Д.Закиева.
«Біз халықаралық қауымдастықты балаларды және олардың болашағын сақтау үшін диалогқа шақырамыз. Біздің ортақ міндетіміз – балаларға тыныш әрі ашық аспан астында өмір сүру құқығын қайтару. Бейбітшілік – әрбір баланың құқығы», деді Балалар құқығы бойынша уәкіл.