26 Ақпан, 2015

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы  №202

209 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
2014 жылғы 29 қазан, Астана қаласы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті ұйыммен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 9-тармағының 15) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті ұйыммен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасу қағидалары бекітілсін. 2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Т.ДҮЙСЕНОВА. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 29 қазандағы №202 бұйрығына қосымша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті ұйыммен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасу қағидалары 1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті органмен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 34-бабының 9-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті ұйымға (бұдан әрі – Орталық) салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат ұсыну тәртібін айқындайды. 2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Орталық арасында алмасуға жататын ақпарат: 1) салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттары туралы; 2) салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысы тоқтатылған шарттар туралы; 3) өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміндегі (бұдан әрі – жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды өзектілендіру туралы. 3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Орталыққа: 1) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей аталған айдың 1-күніндегі жағдай бойынша осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметті, оның ішінде осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша инвестициялық кіріс, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан әрбір салымшы (алушы) бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері және (немесе) аударымдары туралы мәліметті; 2) күн сайын, осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметті осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ағымдағы және алдағы жұмыс күндеріне. 4. Орталық ұсынылған ақпарат негізінде: 1) инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күніне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма туралы деректерді, оның ішінде Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдар бойынша ақпаратты; 2) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) деректер базасын және жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастырады. Бұл ретте, салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасалған жағдайда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұдан бұрын жасалған шарт болған кезе Орталық жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірін қосымша жеке тұлғалардың бірыңғай тізімінде көрсетеді. 5. Орталық осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпаратты, түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жібереді. 6. Ақпарат алмасу осы Қағидаларда айқындалған мерзім бойынша электрондық тәсілмен жүзеге асырылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Орталықпен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасу қағидаларына 1-қосымша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы және инвестициялық кірісі туралы ақпарат ____________________________________________________ (зейнетақы жарналарының түрі көрсетіледі: міндетті зейнетақы жарналары/міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары) Тегі Аты Әкесінің аты (болған кезде) Туған күні ЖСН Жынысы Шарттың нөмірі Шарт жасалған күн 1 2 3 4 5 6 7 8 кестенің жалғасы Есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күніндегі жағдай бойынша зейнетақы жарналарының сомасы, оның ішінде Инвестициялық кірісі ескерілмеген зейнетақы жинақтарының сомасы Инвестициялық кіріс 9 10 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Орталықпен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасу қағидаларына 2-қосымша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері мен аударымдары туралы ақпарат ____________________________________________________ (зейнетақы жарналарының түрі көрсетіледі: міндетті зейнетақы жарналары/міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары) Тегі Аты Әкесінің аты (болған кезде) Туған күні ЖСН Жынысы Шарттың нөмірі Шарт жасалған күн 1 2 3 4 5 6 7 8 кестенің жалғасы Зейнетақы жинақтарын төлеу/аудару сомасы Зейнетақы жинақтарын төлеу/аудару күні Зейнетақы жинақтарын төлеу/аудару себебі * 9 10 11 9-11-бағандар әрбір зейнетақы жинақтарын төлеу/аудару бойынша жеке толтырылады; * - оның ішінде салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Орталықпен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасу қағидаларына 3-қосымша 20 ___ жылғы «___ » ____________ салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтер Тегі Аты Әкесінің аты (болған кезде) Салымшының жынысы Туған күні (ЖЖЖЖААКК) ЖСН 1 2 3 4 5 6 кестенің жалғасы Салымшының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған шарттар бойынша мәлімет Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған және жеке зейнетақы шотының жабылған күн (ЖЖЖЖААКК) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуының тоқтатылу себебі Нөмір Берілген күні (ЖЖЖЖ ААКК) Шарттың нөмірі Шарт жасалған күн (ЖЖЖЖААКК) 7 8 9 10 11 12 Ескертпе: 11, 12 - бағандар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған кезде толтырылады. 12 - бағанда міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуын тоқтатудың себебіне қарай тиісті белгі көрсетілуге тиіс: 1 - «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1 тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомаларын төлеу; 2 - төтенше немесе ең жоғары радиациялық қатер аймағында тұратын адамдардың зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу; 3 - 5 және одан да көп бала тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу; 4 - Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу; 5 - салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты; 6 - алушының қайтыс болуына байланысты мұрагеріне (мұрагерлеріне) зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу; 7 - алушының қайтыс болуына байланысты жерлеуге зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу; 8 - Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын қолданылған заңнамасы бойынша зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу; 9 - салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы екі және одан көп шарт болған кезде ЖЗШ біріктіру; 10 - зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болмауы; 11 - еңбек сіңірген жылдар бойынша зейнетақы жинақтарының барлық сомаларын төлеу; 12 - заң күшіне енген сот шешімі негізінде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бұзу; 13 - ЖЗШ-да жинақтар болмаған кезде салымшының (алушының) бастамасы бойынша бір жақты тәртіппен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бұзу. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 24 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9896 болып енгізілді.