2014 жылғы 6 қараша, Астана қаласы
«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасының айналысы саласында инспекциялауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 742 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 7-бабы 1-тармағының 71) тармақшасына сәйкес және инспекциялау рәсімін жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасының айналысы саласында инспекциялауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №742 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №5942 болып енгізілді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілер жинағында 2010 жылғы №7 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасының айналысы саласында инспекциялауды жүргізу ережесінде:
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Қызмет объектісі мәлімделген мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейді деп танылған инспекциялау субъектісі инспекциялауға анықталған ауытқулар жойылғаннан және жүргізілген түзету және алдын алу іс-шаралары бойынша ақпарат ұсынылғаннан кейін жалпы негіздерде өтініш береді.».
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметік даму вице-министрі С.Р.Мусиновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. ДҮЙСЕНОВА.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 8 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9864 болып енгізілді.