Қоғам • Бүгін, 16:05

Алматыдағы жеке оңалту орталығында ерекше балаларды ұрып-соққан

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы жеке оңалту орталықтарының бірінде ерекше күтімді қажет ететін балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, ата-аналар тарапынан «Феникс» орталығында тәрбиеленушілерді таяқпен басынан ұру, жұдырықпен соғу және қорлау әрекеттері болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы жеке оңалту орталығында ерекше балаларды ұрып-соққан

Фото: Polisia.kz

Ата-аналардың айтуынша, полиция қызметкерлері орталықтағы бейнежазбаларды заттай дәлел ретінде алған. Олар мекеме жұмысын жалғастыруы мүмкін деп қауіптенеді. Сонымен қатар кінәлі тұлғалардың жауапкершіліктен жалтару қаупі де айтылып отыр.

Ерекше балаларды дамытатын қосымша

Ата-аналар чаттар арқылы үндеу жариялап, балаларға бірнеше рет зорлық жасалғанын жеткізді. Құзырлы органдардан кінәлілерді жауапқа тарту сұралған. Ата-аналар ерекше диагнозы бар балалардың ең әлсіз топқа жататынын айтып, көмекке шақырған.

Ата-аналардың тағы бір шағымы бойынша, орталық қызметкерлерінің бірі тікелей эфир кезінде балалардың бет-әлпетін көрсетіп, оларды «мумия» деп атаған.

Сонымен қатар тренерлердің кәсіби біліктілігіне қатысты күмән айтылған. Ата-аналар кейбір мамандардың бейіндік жоғары білімі жоқ, ал сертификаттар қысқа мерзімді курстардан кейін берілгенін алға тартады.

Ел мектептерінде ерекше балаларға арналған 1093 кабинет бар

Балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Закиева қазіргі уақытта құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, орталық – жеке ұйым. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып, бейне материалдар тәркіленді.

Оқиғаға байланысты Алматы қаласында қылмыстық іс қозғалды. Қалалық полиция департаменті жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы объективті түрде анықталады. Құқық қорғау органдары ықтимал құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды зерттеп жатыр. Болашақта мұндай фактілердің алдын алу шаралары қабылданады», делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі кезде бейнебақылау камераларының жазбалары алынып, сараптама жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысы бар куәгерлер мен тараптардан жауап алынып, қажетті процессуалдық әрекеттер белгіленді. Тергеу барысы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында тұр. Қорытындысында барлық қатысушы тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.

Ерекше балаларға елдік қамқорлық қажет

Соңғы жаңалықтар