Фото: Air Astana
Air Astana компаниясы Медина мен Жидда қалаларынан бірнеше рейс жасаған:
- KC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28-де қонды. Бортта 142 адам болған;
- KC2208 Медина – Атырау бағыты бойынша ұшақ сағат 01:19-да қонған. Ұшақта 145 адам болған;
- KC2206 Жидда – Атырау бағыты бойынша әуе кемесі сағат 02:50-де қонған. Бұл әуе кемесімен 174 адам елге жеткен.
- KC2204 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат ұшақ 03:34-те қонған. Аталған бағыт бойынша 179 адам елге оралған.
Сонымен қатар SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейсті жасап жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар.
Бүгінге дейін елімізге Таяу Шығыс елдерінен 946 жолаушы қайтарылған.
Министрлік Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Израиль 28 ақпан, сенбі күні таңертең Иранға соққы жасады. Дубай, Абу-Даби және Рас-эль-Хаймада жүрген Қазақстан азаматтары рейстердің тоқтатылуына байланысты елге қайта алмай отыр. Ал «Қазпошта» Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты халықаралық пошта жөнелтілімдеріне уақытша шектеулер қойылғанын мәлімдеді.
Бүған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан 13 рейс тоқтатылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жедел байланыс және «жедел желі» нөмірлерінің іске қосылғаны хабарланған еді.
Кеше Дубайдан Оман арқылы 467 отандасымыз елге жеткізілді. Сонымен қатар Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Астана және Алматы қалаларына екі эвакуациялық рейсті орындады. Бүгінге дейін елімізге Таяу Шығыс елдерінен 946 жолаушы қайтарылған.