Қоғам • Бүгін, 11:05

Таразда 2500-ден астам адамның зейнетақы жарнасы төленбей келген

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында прокурорлар еңбек және зейнетақы заңнамасының сақталуына жүргізілген тексеру барысында 2 515 азаматтың құқықтарының бұзылғанын анықтады. Қадағалау актілерінің нәтижесінде жалпы сомасы 300 млн теңге зейнетақы жарналары толық өтеліп, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді, деп жазады Egemen.kz.

Таразда 2500-ден астам адамның зейнетақы жарнасы төленбей келген

Фото: jsk.kz

Тараз қаласының прокуратурасы еңбек және зейнетақы заңнамасының талаптары сақталмаған бірнеше деректі әшкерелеген.

Атап айтқанда, 2025 жылдың тамызы мен желтоқсаны аралығында «Жасыл Ел Тараз» ЖШС-нің 650 қызметкеріне тиесілі 20 млн теңгеден астам міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмаған.

Прокурорлардың қадағалау актісі енгізілгеннен кейін заң бұзушылық жойылып, қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары толық көлемде қорға аударылды. Осылайша олардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Зейнетақы қорындағы ақша: бес жылғы тәжірибеден не ұқтық?

Мұндай заң бұзушылықтар Тараз қаласының білім бөліміне қарасты мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда еңбек еткен 1 895 қызметкерге қатысты да анықталған. Тексеру барысында қызметкерлердің 283 млн теңге көлеміндегі зейнетақы жарналары төленбегені белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде жалпы сомасы 300 млн теңге зейнетақы жарналары толық өтеліп, барлық қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.

Заң талаптарын бұзған кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

1 қаңтардан бастап зейнетақы жарнасы жүйесінде қандай өзгеріс болады?

Соңғы жаңалықтар