ПЕТРОПАВЛ. 13 мамыр. Облыстық мәслихаттың ХХХV сессиясында депутаттар бірқатар көшелерді мемлекеттік тілде атау жөнінде шешім алды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының мамандары хабарлады.
Бұдан былай Юбилейный көшесі Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов атындағы көше болып аталады.Әбу Досмұхамбетов қысқа көшесіне Кеңес Одағының Батыры Ысқақ Ыбыраевтың, «Солнечный» ықшамауданындағы жаңа көшеге белгілі мемлекет қайраткері Фазыл Кәрібжановтың есімдері берілді. Рига көшесінен А.Пушкин көшесіне дейінгі бөлігі бір кездері Петропавл қалалық партия комитетін басқарған қоғам қайраткері Тауфик Мұхамедрахимовтың атын иеленді.
Сессияда Булаево қаласындағы № 4 орта мектепке айтыскер ақын Ерік Асқаровтың, Шал ақын ауданындағы Приишимка орта мектебіне жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың, Тайынша ауданындағы Қарағаш орта мектебіне белгілі ақын Жақан Сыздықовтың, Уәлиханов аудандық мәдениет үйіне танымал қаламгер Сәкен Жүнісовтың, Жамбыл ауданындағы Благовещенка мектебіне академик-ғалым Марат Кенжеғожинның, Шаховское мектебіне Ұлы Отан соғысының ардагері Мәжит Қасеновтың, Петропавл қаласындағы қызмет көрсету саласы колледжіне Кеңес Одағының Батыры Ескендір Дәуітовтың есімдерін беру туралы ұсыныстар да бірауыздан қолдау тапты.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты.
Сурет: voxpopuli.kz

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі
Президент • Бүгін, 13:10
Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Оқиға • Бүгін, 12:45
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:44
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:35