Референдум • Бүгін, 20:19

«Ордабасы» және «Ертіс» матчы алдында жаңа Конституцияны қолдауға арналған іс-шара өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры қарсаңында жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараға мыңдаған жанкүйер жиналып, үлкен спорттық мерекенің куәсі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ордабасы» және «Ертіс» матчы алдында жаңа Конституцияны қолдауға арналған іс-шара өтті

Концерт барысында эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар стадионда жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын насихаттайтын баннерлер орналастырылып, заң үстемдігі, әділетті қоғам, азаматтардың тең құқығы және мемлекет пен халықтың бірлігі туралы мазмұнды үндеулер көрсетілді.

У

Конституция – мемлекет пен адам арасындағы қоғамдық келісімшарт

Мерекелік бағдарлама жанкүйерлерді алдағы «Ордабасы» – «Ертіс» ойынына дайындап, стадиондағы атмосфераны қыздыра түсті. Матчты тамашалау үшін стадионға мыңдаған жанкүйер жиналды.

Жаңа Конституция отбасы институтын нығайтады

Соңғы жаңалықтар

Бизнестегі бибілер

Бизнес • Бүгін, 10:20