Саясат • Бүгін, 14:18

Қазақстан мен Кувейттің министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Кувейт мемлекетінің сыртқы істер министрі шейх Жаррах Жабер әл-Ахмад Ас-Сабахпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан мен Кувейттің министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

фото: ҚР СІМ

Сұхбат барысында тараптар аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай жөнінде пікір алмасты.

Ермек Көшербаев өңірдегі қауіпті әскери эскалацияға байланысты алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның ұстанымын жеткізді және қақтығысты халықаралық құқық қағидаттарына сай дипломатиялық жолмен реттеудің маңыздылығын атап өтті.

Сұхбат нәтижесінде саяси ведомстволар басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға бейілділігін растады.

Айта кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен телефон арқылы сөйлесіп, Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалды және оны деэскалациялау мүмкіндіктерін талқылаған еді. 

Соңғы жаңалықтар

Бизнестегі бибілер

Бизнес • Кеше