Экономика • Бүгін, 11:58

Шахмұрат Мүтәліп ERG компаниясының 40% акциясын сатып алмақшы

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Швейцарияның ірі тау-кен және шикізат трейдері Glencore қазақстандық кәсіпкер, Integra Construction KZ құрылыс тобының иесі Шахмұрат Мүтәліптің Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының 40%-дық үлесін сатып алу туралы ұсынысын қолдады, деп жазады Egemen.kz.

Шахмұрат Мүтәліп ERG компаниясының 40% акциясын сатып алмақшы

Financial Times басылымы таратқан мәліметке сәйкес, мәміле шамамен 1,4 млрд доллар көлемінде бағаланып отыр. Ақпаратқа қарағанда, сатып алуды қаржыландыру үшін Glencore болашақта жеткізілетін феррохромға алдын ала 800 млн доллар аванс беруге дайын. Феррохром негізінен тот баспайтын болат өндіруде қолданылатын маңызды шикізат саналады.

Financial Times дерегінше, ERG үлесін сатып алуға қатысты Мүтәліптің ұсынысы компанияның бас директоры, кәсіпкер Шухрат Ибрагимовтың өтініміне қарағанда анағұрлым тартымды деп бағаланған. Шухрат Ибрагимов – компанияның негізін қалаушылардың бірі марқұм Алиджан Ибрагимовтың ұлы.

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Сонымен қатар Мүтәліп пен Glencore арасында тағы бір ірі мәміле талқыланып жатыр. Әңгіме Glencore-ға тиесілі қазақстандық «Қазцинк» компаниясының 70,2% акциясын сатып алу мүмкіндігі жөнінде. Алдын ала бағалау бойынша бұл келісімнің құны шамамен 3,5 млрд доллар болуы ықтимал.

Осылайша, екі мәміленің жалпы көлемі 5 млрд долларға жуықтауы мүмкін. Соған қарамастан Glencore ұзақ мерзімді келісімдер арқылы металл шикізатына қолжетімділігін сақтап қалмақ.

Экономист әрі Finmentor Telegram-арнасының авторы Арман Батаевтың есептеуінше, Eurasian Resources Group-тың Қазақстандағы негізгі активтері 2024 жылдың қорытындысында шамамен 23 млрд теңге шығынға ұшыраған. Ал 2023 жылы компания 135 млрд теңге көлемінде таза пайда тапқан еді.

ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады

Бұған дейін қазақстандық кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп ERG-дің 40% үлесін 1,4 млрд долларға сатып алуды ұсынғаны хабарланған. Бұл үлес қазір компанияның тең құрылтайшыларының бірі Патох Шодиевке және 2025 жылы өмірден өткен кәсіпкер Александр Машкевичтің мұрагерлеріне тиесілі.

Қазіргі уақытта Eurasian Resources Group акционерлерінің құрылымы мынадай: Қазақстанның Қаржы министрлігі – 40%, Машкевичтің мұрагерлері мен Ибрагимовтар отбасы – әрқайсысы 20,7%-дан, Патох Шодиев – 18,6%. Forbes дерегі бойынша, Ибрагимовтар отбасы 2,06 млрд долларлық байлығымен Қазақстандағы ең ауқатты адамдар тізімінде 7-орында тұр.

ERG, KIA, Mars: Қазақстанда өнеркәсіп локализациясы өсіп келеді

ERG-дің негізін қалаған кәсіпкерлер Александр Машкевич, Патох Шодиев және Алиджан Ибрагимов 2005 жылы Forbes бағалауынша Қазақстандағы алғашқы долларлық миллиардерлер қатарына енген еді. Олардың әрқайсысының сол кездегі капиталы шамамен 1 млрд доллар деп бағаланған.

Соңғы жаңалықтар