26 Ақпан, 2015

«SOS» телефонын сыйлады

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
УОС-ЦВАқмола облысының Жақсы ауданында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында және «Өмір жолы» жобасының аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Комяковқа орталықтандырылған «SOS» жүйесіне қосылған дабыл телефоны табыс етілді. Анатолий Васильевич Ресейдің Кострома облысында туған. Әскер қатарына 1943 жылы шақырылып, 3-ші Украина майданына жіберілген. Жеңіс күніне дейін ол 244-ші дивизияның 325-ші барлаушылар ротасында қызмет еткен. Анатолий Васильевичтің айтуынша, оның денесінен бірнеше рет ота жасау арқылы 250 снаряд жарықшағы алыныпты. А.Комяков ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Ол Венгрия, Австрия сияқты елдердегі қиян-кескі шайқастарға қатысып, жеңісті Румынияда қарсы алыпты. 1945 жылы елге оралған ардагер шаруашылықта ұста болып жұмыс істеген. ВОВ Жеңіс жауынгері 1968 жылы отбасымен бірге Жақсы ауданына қарасты Қайрақты ауылына көшіп келіп, бүгінгі күнге дейін осында тұрып жатыр. Өзінің сүйікті ісі – ұсталық жұмысқа 33 жыл өмірін арнады. Ол зейнеткерлікке шыққан соң да ауылдағы көптеген жұмыстарға араласып жүрді. Себебі, оның ұзақ жылдарғы тәжі­рибесі мен біліктілігі елге қашан да қажет. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы, Жақсы ауданы.