Ауылда Болатбай есімді ағамыз бар. Кітап оқығанда анау-мынау оқымыстыңды жаңылдырмақ түгілі жолда қалдыратынына күмәнім жоқ. Әке таяғын ұстап, кеңшардың бір отар қойын шырқ үйірген ағамыздың қыста тонының қойнынан, жазда жейдесінің қалтасынан кітабы түспейтіні анық – алыс дала төсінде отарды шалқайта жайып тұрып қанша кітаптың ішіне сүңгіп шыққанының санын өзі де білмес, сірә! Кітапты көп оқитындығы соншалықты, күнделікті сөйлеу мәнері де кітаптың көркем тіліне айналып кеткен, ал «бәленше жазған бәленше деген кітаптың бәленінші бетінде былай дейді ғой» дегенде, таңданысыңызды жасыра алмайсыз. Дүние есігін ашқан үшемнің бірі «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмшінің, қалған екеуі ХХ ғасырдағы қазақ халқының, қазақ әдебиетінің үзеңгі қағыстыра жүріп жыр төгілткен айтулы қос ақыны – Мұқағали мен Төлегеннің есімдерін иеленді дегенді естігенде, ол ауылдағы Болатбай ағамның шешімі болар деп топшыладым. Маңғыстауда биылғы жылғы алғашқы үшем ғана емес, алғашқы егіздер болып табылатын олардан бұрын отау иесі болар 13 жасқа келген ұл бала өсіп жатқан отбасының иесі, кітапқұмар Болатбайдың кіші інісі 44 жастағы Сәкен – Маңғыстаудың «Сам» кеңшарында ұзақ жыл шопан болған Іздібай ақсақал мен «Батыр ана» Жібек марқұмдардың кенже ұлы. Ал Сәкеннің жары Балкүміс 40 жасында отбасына бірден торсық шекелі үш ұл сыйлау бақытына ие болды.
Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының директоры Жамал Жаманбаеваның айтуынша, анасы мен сәбилердің денсаулығына сай ота арқылы босандырылған. Ең кішкентайының салмағы 1 кг 800 грамды құраған сәбилерді бір айдан астам уақыт дәрігерлер өз қадағалауларында ұстап, жағдайлары қалыпқа келген соң үйлеріне шығарып салған.
Қатарға «ат ұстар» келсе, қуанбайтын қазақ жоқ. Қазақтың саны бірден үш азаматқа көбейіп жатса, бұл бүкіл елдің қуанышы. Сондықтан, Маңғыстаудың алыс ауданындағы Сам құмының өскіндері – Мұқағали мен Төлегенге, Шәмшіге мықты денсаулық тілейміз. Аттарына сай айтулы азаматтар болып өсіп-жетілуіне тілекшіміз. Ал қазіргідей кітап оқу құрдымға кетіп, ұлттық болмысымыздан ұзаңқырап кеткен кезде кітапты жанына серік етіп, қазақтың ұлы тұлғаларын құрмет тұтқан ауылдағы ағайынға қалай риза болмассың?!
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
Президент • Бүгін, 17:38
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
Президент • Бүгін, 17:23
Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды
Президент • Бүгін, 17:05
Шымкентте балық шаруашылығын технологиялық жаңғыртудың жаңа бағыттары айқындалды
Аймақтар • Бүгін, 16:55
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:03
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Бүгін, 15:46
Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
Спорт • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Президент • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 14:22
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Ғылым • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 12:33
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10