Ауа райы • Бүгін, 19:37

Солтүстік Қазақстанда барлық бағыттағы жолдар жабылды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Солтүстік Қазақстанда барлық бағыттағы жолдар жабылды

Қатты соққан боран жолдың көріну мүмкіндігін барынша төмендетcе, өкірген дауыл жеңіл көліктерді жолдан ығыстырып жіберуі мүмкін болып тұр. Полиция жүргізушілерге елді мекендерден шықпауды қатаң түрде ескертіп, жолда жүргендерді тоқтатып қойды. Қазір тек Петропавл қаласының маңында екі жүзге жуық автокөлік жиналған. Олардың басым бөлігі Астана және Жезқазған бағыттарына шыққандар.

Жол қозғалысын бақылау батальонының сақшылары тәулік бойы кезекшілік атқарып, қар құрсауында қалған көліктерді шығаруға көмектесуде. Қазіргі мәлімет бойынша, қозғалыс 12 наурыздың таңына дейін ашылмайды.

 

Соңғы жаңалықтар