26 Ақпан, 2015

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық экономика министрлігінің  № 625

323 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
2014 жылғы 20 қыркүйек,  Астана қаласы 2014 жылғы 3 қазан № 42 БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ «Күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету, күзет қызметі, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, жарылғыш заттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы бойынша қызметіне жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 131 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 101 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. «Күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету, күзет қызметі, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, жарылғыш заттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 131 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 101 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6917 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 7 маусымда № 179 (26600) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: бірлескен бұйрыққа 2-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы (И.В.Лепеха): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты зерделеуді және талаптарының орындалуын ұйымдастырсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ішкі істер Қазақстан Республикасының Ұлттық министрінің міндетін атқарушы Е.ТУРГУМБАЕВ. экономика министрі Е.ДОСАЕВ. 2014 жылғы 20 қыркүйек 2014 жылғы 2 қазан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 қыркүйектегі № 625 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 қазандағы № 42 бірлескен бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 131 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 101 бірлескен бұйрығына 2-қосымша Жеке кәсіпкерлік саласында күзет қызметін тексеру парағы Органның атауы __________________________________________________________________________ Тексерiс белгiлеу туралы актi _______________________________________________________________ (күнi, №) Объект __________________________________________________________________________________ (заңды тұлға) ________________________________________________________________________________________ (мекенжайы, телефоны) БСН ____________________________________________________________________________________ ЖСН ___________________________________________________________________________________ Тексерiске қатысушы адамдар: Жауапты адам (басшы немесе оның сенiм бiлдiрген қызметкерi) _________________________________ ________________________________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) IIО-ның қызметкері ________________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) № Тексерiс барысында қамтылатын талаптар тізбесі Түсiнiктеме Иә Жоқ ҚЕ/Қ 1.* Жеке күзет ұйымы басшысының жоғары заңгерлiк бiлiмi немесе Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда басшылық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдарда басшы лауазымдарда кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi бар 2.* Жеке күзет ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады 3.* Жеке күзет ұйымы басшысының арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткені туралы куәлігі бар 4.* Жеке күзет ұйымы басшысының арнайы бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткені туралы куәләгі бар 5.* Жеке күзет ұйымы басшысының денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру, маскүнемдiк немесе нашақорлық бойынша есепте тұрған жоқ 6.* Жеке күзет ұйымы басшысының қылмыс жасағаны үшiн соттылығы жоқ 7.* Жеке ұйымының басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiндегi мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылмаған 8.* Жеке күзет ұйымының басшысы жеке меншiкке, мемлекеттiк билiк институттарына, белгiленген басқару тәртiбiне, қоғамдық тәртiпке және адамгершiлiкке қол сұғатын қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн күзет ұйымы басшысы болып бұрын жұмысқа қабылданғанға дейiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмаған 9.* Жеке күзет ұйымының басшысы мемлекеттiк, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан жағымсыз себептермен үш жыл бұрын босатылмаған 10.* Жеке күзет ұйымының басшысы жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан жағымсыз себептермен үш жыл бұрын босатылмаған 11.* Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмысшылары Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады 12.* Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымы жұмысшыларының жасы 19-дан төмен емес 13.* Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскері арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өттi 14.* Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері арнайы бағдарлама бойынша бiлiктiлiгiн арттыру курсынан өттi 15.* Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлерінің қылмыс жасағаны үшiн соттылығы жоқ 16.* Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері денсаулық жағдайы бойынша күзет қызметiмен айналысуға жарамды (көздiң нашар көруiне, психикалық ауруына, маскүнемдiкке немесе нашақорлыққа байланысты қаруды қолдануға қарсы көрсетiмдер жоқ) 17.* Жеке күзет ұйымының қызметтiк және азаматтық қару пайдаланған жағдайда қару мен оқ-дәрiлердi сақтауға арналған үй-жайлары (не белгiленген талаптарға жауап беретiн үй-жайларда оларды сақтауға келiсiм-шарт) бар 18.* Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiндегi мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған 19.* Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері жеке меншiкке, мемлекеттiк билiк институттарына, белгiленген басқару тәртiбiне, қоғамдық тәртiпке және адамгершiлiкке қол сұғатын қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн күзетші болып бұрын жұмысқа қабылданғанға дейiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмаған 20.* Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері мемлекеттiк, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан жағымсыз себептермен үш жыл бұрын босатылмаған 21.* Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан жағымсыз себептермен үш жыл бұрын босатылмаған 22.* Күзетшiлер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері жеке басын және олардың жеке күзет ұйымына тиесілігін куәландыратын құжаттармен қамтамасыз етілген 23. Күзетшілердің жеке басын және олардың жеке күзет ұйымына тиесілігін куәландыратын құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі №407 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес келеді 24. Жеке күзет ұйымы күзет қызметтерiн көрсету туралы келiсiмшарт жасасудың жазбаша нысанын сақтайды 25. Жеке күзет ұйымы күзетшiлер лауазымын атқаратын қызметкерлердi мiндеттi сақтандыру туралы талаптарды сақтайды 26.* Жеке күзет ұйымы күзетшiлерiнiң штат саны Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2002 жылғы 5 сәуірдегі №407 қаулысымен белгiлеген нормативке сәйкес келедi 27.* Жеке күзет ұйымы жұмыскерлерінің қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қылмыс жасауға жол берілмеген 28. Жеке күзет ұйымының күзетшiлерiне жұмыстан тыс кезде қасақана қылмыстар жасауға жол берілмеген 29. Жеке күзет ұйымы күзетшiлердiң арнайы киiм киюi бойынша талаптарды сақтайды 30.* Ұлттық компанияның күзет ұйымы құрылтайшы құқығын алуға Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөнінде уәкілетті органмен келіскен 31.* Заңды тұлғалардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының бір уақытта бірден аса күзет қызметімен айналысатын ұйымның құрылтайшысы, қатысушысы және (немесе) меншік иесі болуға құқығы жоқ. 32.* Жеке күзет ұйымы күзеттен басқа өзге қызметті жүзеге асыратын ұйымның еншілес кәсіпорны болып табылмайды. Субъектінің құрылтайшысы (қатысушысы) үшін қызметтің осы түрі – негізгі 33.* Жеке күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) өздерiне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн ұйымдардың құрылтайшылары не болмаса лауазымды адамдары болып табылмайды 34.* Жеке күзет ұйымы құрылтайшысы (қатысушысы) қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар азаматтар, сондай-ақ құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамында көрсетiлген адамдар бар заңды тұлғалар болып табылмайды 35.* Жеке күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) өздерiне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн заңды тұлғалар және солармен аффилиирленген заңды тұлғалар болып табылмайды 36.* Жеке күзет ұйымдарының құрылтайшысы (қатысушысы) қоғамдық бірлестіктер болып табылмайды Ескертпе: Пайдаланылған белгiлердiң мағынасы * – елеулi заң бұзушылықтар; ИӘ – иә, бар, сәйкес келедi, қанағаттанарлық; ЖОҚ – жоқ, болмаған, сәйкес келмейдi, қанағаттанарлықсыз; ҚЕ/Қ – қажет емес/қарастырылмаған; IIО – iшкi iстер органы. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес осы тексері парағының 7 және 18 тармақтары 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 6 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 9861 болып енгізілді.