Оқиға • Бүгін, 22:13

Атырауда жоғары сыныптың оқушысы қатарласын үшкір затпен жарақаттаған

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласындағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы 8-сыныпта оқитын қызды өткір затпен жарақаттады. Оқиға бүгін күндіз болған, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда жоғары сыныптың оқушысы қатарласын үшкір затпен жарақаттаған

фото: atyrauoil.news/www.instagram.com

Атырау облысы полиция департаментінің ресми мәліметіне сәйкес, күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.

«Барлық процессуалдық әрекеттер оның заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу шараларын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы кейінірек анықталады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-анасы жауапкершілікке тартылады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарақат алған оқушы Атырау облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр.

«Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа ауыр, тұрақты деп бағаланып отыр. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр. Емдеу қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес толық көлемде жүргізіліп жатыр. Жағдай бақылауда», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Таразда мектеп оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан. Зардап шеккен қыз екі күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан. 
Соңғы жаңалықтар