Оқиға • Кеше

Таразда мектеп оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таразда мектеп оқушысына жасалған шабуылдан кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Таразда мектеп оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

Egovpress Telegram-арнасының жазуынша, оқиға №51 мектепте болған. Жеті қыз мектептің 9-сынып оқушысына шабуыл жасап, ауыр жарақат салған. Қатыгез шабуылдан кейін жасөспірім екі күн жансақтау бөлімінде жатқан. 

Жамбыл облысының полиция департаменті жанжалға қатысқан барлық адамдардың анықталып, полицияға жеткізілгенін хабарлады. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Мектеп оқушыларының ата-аналары кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жасөспірімдердің әрекеті кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында қаралып, нәтижесінде олар профилактикалық есепке қойылды», деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда 19 жастағы қызға шабуыл жасады деген күдікпен 21 жастағы жергілікті тұрғын ұсталғанын хабарлаған едік. 

 
Соңғы жаңалықтар