Ауқымды іс-шара телеарналар мен ақпарат агенттіктерінің сайттарында, Facebook және You Tube желісіндегі ресми парақшаларда 16 сағат бойы үздіксіз көрсетіледі.
Көрсетілім 09:00-де басталып, түнгі 01:00-ге дейін жалғасады.
Онлайн марафонда саяси қайраткерлер, қоғамға танымал азаматтар, өз саласында табысқа жеткен мамандар, өнер мен мәдениет өкілдері және стартаперлер қатысып, ел дамуының маңызды бағыттары жөнінде пікір алмасады.