26 Ақпан, 2015

Сапалы сараптама жүргізу тапсырылды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев қызылшаға қарсы жаппай вакциналау басталғаннан кейін респуб­ликада туындаған жағдай бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Белгілі болғандай, туындаған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 15-19 жас аралығындағы адамдарды қосымша иммундау үшін қызылша моновакцинасының 1 млн. дозасы сатып алынған. 15-19 жас аралығындағы жас ерекшелік топтарын іріктеу қызылшаға сезімталдығы бар жасөспірімдер арасында жоғары көрсеткішпен байланысты болған. 2015 жылғы 19 ақпандағы жағдай бойынша республикада вакциналауға жататын 881мың баланың 59,4%-ы екпе алды. 2015 жылғы 24 ақпандағы ахуал бойынша медициналық көмекке 185 адам жүгінген, ол вакцина алған­дардың жалпы санынан 0,03 %-ды құрайды. Жүгінген балаларды қа­рап-тексеру нәтижелері бойынша балалардың шағымдарының басым бөлігі балалар организмінің вакцина енгізуге жеке сезімталдығымен байланысты екені белгілі болды. Балаларға медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі, қажет­тілігіне қарай оларды динамикалық байқау үшін стационарға емдеуге жатқызу жүзеге асырылуда. Қазіргі сәтте қызылшаға қарсы вакциналау рес­публика бойынша тоқтатылды. Кеңес қорытындысы бойынша Б.Сапарбаев вакцинаға сапалы сараптама жүргізілуін, сондай-ақ жаппай вакциналау кезінде және вакциналаудан кейінгі әсерлер себептерін белгілеу бойынша талаптардың сақталуына тексеру жүргізу бөлігінде өңірлік комиссиялар қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық жұмыс тобының құрылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, вице-премьер Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес одан әрі иммундаудың жүргізілуіне бақылауды күшейтуді міндеттеді.