Референдум • Бүгін, 09:20

Референдум – әлемдік БАҚ назарында

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде өтіп жатқан Конституциялық реформаға қатысты референдум халықаралық ақпарат құралдарының да назарын аударды. Әлемдік басылымдар дауыс беру барысын, ұсынылған өзгерістердің мазмұнын және қоғамдағы пікірталасты талдап, түрлі қырынан сараптама жасап жатыр. Солардың бірі – британдық BBC медиасы, деп жазады Egemen.kz.

Референдум – әлемдік БАҚ назарында

Фото: bbc.co.uk

BBC тілшісінің материалында референдумның мақсаты мен маңызына тоқталған. 77 бапқа өзгеріс енгізілгенін, бұл шамамен құжаттың 80 пайызына ықпал ететінін тілге тиек еткен.

Қазақстанның басқару жүйесі «суперпрезиденттік» үлгісінен ықпалды парламенті бар президенттік республикаға өтуді көздейтінін және хабарлаған.

BBC назар аударған басты мәселелердің бірі – парламент құрылымының өзгеруі. Жобаға сәйкес, қазіргі екі палаталы парламенттің орнына бір палаталы заң шығарушы орган құрылып, оның атауы Құрылтай деп өзгеретіні. Сонымен бірге депутаттардың бірқатар өкілеттіктері қайта қаралатыны айтылған.

Жапонияда жүрген Қазақстан азаматы референдумда өз таңдауын жасады

Халықаралық басылым жаңа Конституция жобасында қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарға қатысты нормалар айқындалғанын жазады. Атап айтқанда, некеге «ер мен әйелдің ерікті одағы» деген анықтама беріледі. Ойын қуаттау үшін Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның сөзін ұсынады. Бұл оның ақпан айының басында конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында оқыған баяндамасы еді:

«Бұл норма қоғамдағы отбасы институтының маңызын айқындай түседі. Мұндай қағиданы орынды деп санаймын. Ол отбасының тұрақтылығын нығайтуға, дәстүрлі құндылықтарды құқықтық деңгейде қорғауға, сондай-ақ әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін күшейтуге ықпал етеді», дейді А. Балаева.

BBC өзінің «демократиялық» ұстанымына сәйкес бұл заң оғаш ой, қораш көңілмен қарағаны аңғарылады. Аталған түзетудің ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заң жобасы қабылданған тұста ұсынылғанын еске түсіреді. Әрі қарай Қазақстанның  ЛГБТ өкілдерінің қалауын «белден басқан» әрекетін айтып өтеді:

«Құқық қорғаушылар мен халықаралық ұйымдардың бұл құжатты қабылдамауға шақырған бірнеше өтінішіне қарамастан, заң жобасын Парламенттің жоғарғы палатасы Сенат мақұлдап, 2025 жылдың желтоқсанында Президент қол қойған», дейді BBC тілшісі.

Наурызнама онкүндігі аясында «Референдум – 2026» атты онлайн марафон өтеді

Сондай-ақ басылым шетелден қаржыланатын ұйымдарға қатысты нормалар жөніндегі пікірлерді келтіреді. Кейбір сарапшылар бұл талаптардың қажет екеніне күмән келтіреді. Ал билік өкілдері қоғамдық ұйымдардың ашықтығын күшейту маңызды екенін айтады.

BBC дерегінше, референдум өтті деп танылуы үшін сайлау құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысуы қажет. 2026 жылдың басындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 12,4 миллионнан астам сайлаушы тіркелген. Демек кемінде 6,2 миллион азамат дауыс беруі керек.

Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы конституциялық өзгерістерді елдің саяси жүйесіне ықпал ететін маңызды кезең деп бағалап отыр. 

15 наурыз күні «Инватакси» қызметі тегін болады  

Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысының әкімі дауыс берді

Референдум • Бүгін, 11:09