Референдум • Бүгін, 10:10

Маңғыстауда бір әулеттің келіндері референдумға қатысты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Референдумға Мұнайлы ауданының тұрғындары белсенді қатысып, ел болашағына қатысты өз таңдауын жасады. Саяси науқаннан шет қалмай, өз дауыстарын бергендердің қатарында «Абысын ажын-2025» республикалық байқауының жеңімпазы атанған мұнайлылық Айым ата әулетінің келіндері де бар, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстауда бір әулеттің келіндері референдумға қатысты

«Абысын-ажын» байқауында топ жарып, өнегелі әулет ретінде танылған келіндер референдум күні дауыс беру учаскесіне ұлттық киіммен келіп, көпшілікке үлгі көрсетті. Олар референдумға қатысу – әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі екенін атап өтті.

Референдум мен жәрмеңке бір жерде: Атырауда дауыс беру ерекше форматта өтіп жатыр

Ұлттық дәстүрді дәріптеп жүрген әулет мүшелері бұл жолы да бірлік пен татулықтың, сондай-ақ азаматтық белсенділіктің  үлгісін көрсетті.

101 жастағы Алматы тұрғыны референдумда дауыс берді

Гүлайым Дәуітбай,

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысының әкімі дауыс берді

Референдум • Бүгін, 11:09