Референдум • Бүгін, 11:21

Өңір тұрғындары референдумға белсене қатысып жатыр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі азаматтар референдумға белсене қатысып жатыр. Оны әлеуметтік желідегі бақылаушылар есебінен көруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңір тұрғындары референдумға белсене қатысып жатыр

Орталық референдум комиссиясының таңғы уақыттағы дерегіне сәйкес, Қарағанды облысы 26,64 пайыз көрсеткішпен ең белсенді өңірлердің қатарынан көрінді. Адамдардың ерекше ағыны Теміртау қаласындағы №307 референдум учаскесінен байқалды.

Павлодар облысында да тұрғындар референдумға белсенді қатысып жатыр. Павлодар қаласындағы №476 дауыс беру учаскесінде таңғы сағаттардан бастап халық көптеп келіп, дауыс беру ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Учаскеге келген тұрғындар кезекпен тіркеліп, бюллетеньдерін алып, өз таңдауын жасауда.

Маңғыстау облысында да тұрғындардың белсенділігі байқалады. Әсіресе Қарақия ауданында сайлаушылар таңғы уақыттан бастап учаскелерге келіп, референдумға қатысып жатыр. Жергілікті тұрғындар азаматтық ұстанымын білдіріп, дауыс беру процесіне белсенді араласуда.

Батыс Қазақстанда «Жәңгір хан» дауыс берді

Ал Түркістан облысында да референдум учаскелерінде адам қарасы көп. Бақылаушылардың айтуынша, өңірдің бірқатар елді мекендерінде тұрғындар таңертеңнен бастап дауыс беруге келіп, референдумға белсенді қатысып жатыр.

Ұлытау облысының әкімі дауыс берді

Осылайша еліміздің әр өңірінде азаматтар референдумға қатысып, өз таңдауын жасайды. Дауыс беру учаскелерінде процесс заң талаптарына сай, ұйымдасқан түрде өтіп жатыр.

102 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері референдумда дауыс берді

Соңғы жаңалықтар