14 Тамыз, 2015

Алматыда мамырдан кейін алғаш рет нөсерлетіп жаңбыр жауып тұр

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14-08-2015-Janbur 1АЛМАТЫ. 14 тамыз. Кеше кешілік басталған нөсерлі жаңбыр әлі де тоқтамай жауып тұр. Алматылықтар үшін бүгінгі күннің басты да ең маңызды жаңалығы осы. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Дәл мұндай нөсерлі жаңбырдың мамыр айының 9-нан кейін болмағанын қала тұрғындары ұмытқан жоқ. Ала жаздай Алатау мұнартып, күн шыжып, термометр  + 40 грдустың төңіретінде тұрып алған. 27 шілде күні соңғы рет жаңбыр бір сәтке ғана шаң басып, себелеп қана өткен. Осы екі арада қуықтай қана елеусіз Қарғалы ешкім күтпеген өзенінен сел жүрді. Сел деген аты болмаса тау бөктерінен бастау алатын қаланың екі шағын аудандарының көшелерінен қой тастар араласқан лай ақты. Әйтеуір, адамдар аман. Табиғат апатының зардабын жою әлі де қарқынды жүріп жатыр. Алматы аспанының түнеріп тұрғанына қарағанда жаңбыр жуық арада басылмайтын сияқты... Халық бірден жылы киініп, қолшатыр ұстады. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen.kz. 14-08-2015-Janbur 2