Президент • Бүгін, 13:49

Тоқаев: Әлем халқы бітпейтін конференциялардан жалықты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Референдумда дауыс бергеннен кейін Президент журналистерге арналған брифинг барысында Euronews телеарнасының тілшісі Боян Бркичтің қойған сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев: Әлем халқы бітпейтін конференциялардан жалықты

Фото: Ақорда

Брифингте, «Сіз Қазақстан халықаралық аренада орта держава ретінде танылғанын ұдайы айтып келесіз. Еліңіз Президент Трамп құрған Бейбітшілік кеңесіне мүше болды. Сіздің ойыңызша, Таяу Шығыстағы қазіргі жағдай Бейбітшілік кеңесіне қалай әсер етеді? Бұл бастама өміршең дей аласыз ба? Дональд Трамптың жобасын қолдау жөніндегі шешімге қалай келдіңіз?», деген сұрақ қойылды.

«Ең алдымен, Америка Құрама Штаттарының Президентіне құрметім ерекше екенін атап өткім келеді. Оның ақыл-парасатқа негізделген стратегиясы өте дұрыс, құптауға лайық. Бейбітшілік кеңесі туралы бастаманың идеясы, халықаралық күн тәртібіндегі күрделі мәселелерді шешудегі жаңашыл тәсілдері көңілден шықты. Мұнда әуелі дәстүрлі дипломатия мен ірі бизнестің мүмкіндіктері ұштасады. Бұл қарапайым халыққа, соның ішінде Газа секторының тұрғындарына нақты пайдасын тигізеді. Әлем халқы бітпейтін конференциялардан жалықты. Аталған жиындарда қабылданатын ізгі ниетті қарарларды аздаған адам ғана оқиды. Сол себепті бұл идеяны қолдау қажет деп ойлаймын. Өйткені тың шешімдер ұсынады. Президент Трамп мықты тұлға ретінде әсер қалдырады. Ол – батыл көшбасшы. Таяу Шығыста, соның ішінде Палестинада бейбітшілік орнату мүмкіндігі әлі де бар екеніне кәміл сенемін. Бұл бастама баянды болады деп үміттенемін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент: Ата заң жас буынның темірқазығы болуға тиіс

Соңғы жаңалықтар