26 Ақпан, 2015

Телефон арқылы сөйлесті

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Франция Президенті Франсуа Олландпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан мен Франция басшылары Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуалға қатысты 12 ақпандағы Минск келісімін жүзеге асыру жөніндегі кешенді шараларды атқару аясында пікір алмасты. Екі ел президенттері Минск келісімі қазірдің өзінде қан­төгісті тоқтатуға ықпал еткеніне назар аударды. Қақтығыс аумағынан ауыр техниканы әкетудің маңыздылығы атап өтілді. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Еуропалық одақ арасындағы санкцияларды біртіндеп алу үшін қажетті шарттарға көңіл аударды. Ф.Олланд оқ ату толық тоқтатылып, ауыр техни­ка әкетіліп, Мариуполь төңіре­гіндегі қақтығыс басылған жағ­дайда санкцияларды азайту мәселесі талқылануы мүмкін­дігін айтты. Екі ел көшбасшылары Ук­раи­на­дағы дағдарысты реттеу мәсе­лесі бойынша халықаралық серік­тестермен өзара іс-қи­мылды жал­ғас­тыруға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, әңгіме барысында Қазақстан-Франция стра­тегиялық серіктестігінің келе­шегі талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Ф.Олландқа Фран­цияға биыл сапармен келуге шақырғаны үшін алғыс айтты. Телефон арқылы сөйлесуге фран­цуз жағы бастамашылық етті.