14 Тамыз, 2015

АҚШ-та әйел адам 50 шақырым жерді жүзіп өтті

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14-08-15-chembers-1АСТАНА. 14 тамыз. Америкалық Ким Чемберс (Kim Chambers) 50 шақырымдық қашықтықты жүзіп өткен тарихтағы ең алғашқы әйел атанды. Бұл туралы ras.kz хабарлады. Ол Фараллон аралынан «Алтын қақпа» (Golden Gate) көпіріне дейінгі аралықты жүзіп өтіп, судағы ең қауіпті белестердің бірін бағындырды. Оқиға өткен жұма күні орын алды. Сол күні кешке 38 жастағы жүзгіш салқын суға түсіп жорығын бастады. Ал мәреге 17 сағат өткеннен кейін жетті. «Бүкіл командам мені бас бармақтарын жоғары көтеріп, қолдап тұрды. Маған бұл аралықты жүзіп шығу оңай болған жоқ», – деді Ким Чемберс. Осынша уақытқа созылған жүзу барысында онымен қатарласып анасы мен команданың 16 мүшесі қайықпен жүзіп отырған. Олар қауіп төне қалған жағдайда көмекке келмекші болған. Ким Чемберс – бұрынғы балерина. Ол қайғылы оқиғадан кейін аяғы түгелге жуық жансызданып қалған аяғын қалпына келтіру жүзумен айналысуды бастапты. Бұрын Фараллон аралы мен аталған көпірдің аралығын төрт ер кісі жүзіп өткен екен. Бұл жердің қауіптілігі, онда арал мен Сан-Франциско жағалауындағы тасбақалармен қоректенетін үлкен ақ акулалар көптеп кездеседі. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: ras.kz.