Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен консультация өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтары басшыларымен консультациялар ел тұрғындары мен түрлі ұйымдардың Президент сайлауын өткізуге қатысты ой-пікірлеріне байланысты өткізіліп отырғанын айтты.
– Халық мемлекет жүзеге асырып жатқан бағдарламалар жалғастырылып, өз мәресіне жеткізіледі, ал олардың нәтижелері жұрттың өмірін жақсартуға мүмкіндік береді деп күтіп отыр. Бұл мәселе инвесторлар үшін сенімділік беріп, жаңа перспективаларға жол ашатындықтан маңызды мәнге ие, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
К.Мәсімов қоғамда Президент сайлауын өткізу мәселесі белсенді талқыланып жатқанын қуаттады.
– Үкімет сайлау өткізу үшін заңдық тұрғыдан кедергі көріп тұрған жоқ. Іс жүзіндегі қисындылық жөнінен, Сіздің «Нұрлы Жол» Жолдауыңыз дер кезінде жасалып, ел ішінде және сыртында жоғары бағаланды. Сондай-ақ, Сіз «Қазақстан-2050» Стратегиясында ұзақ мерзімді іс-қимыл жоспарын ұсындыңыз. Осыған байланысты сайлау өткізу мәселесі дер кезінде көтерілді, өйткені, ол аталған шаралардың бәрін жүзеге асыру үшін қосымша мандат береді. Жалпы алғанда, сайлау Қазақстанның тұрақты дамуы үшін қажетті сенімді еселей түседі, – деді Премьер-Министр.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше