ПЕТРОПАВЛ. 13 мамыр. Осыдан үш ай бұрын беломыртқасын сындырып алып, содан бері төсек тартып жатқан кейуанаға көршілерінен басқа қарайласатын ешкім байқалмайды. Өздігінен қозғалуға әл-дәрмені жоқ бейбақ қарттар үйіне орналастыруға шенеуніктерден көмек сұрап отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Жасы сексенді алқымдаған Надежда Подлесная наурызда ауруханада жатып шыққан. Содан бері өмірдің ауыр тауқыметін тартып келеді. Көршілері ас-суына ғана қарайласады. Көрпе-төсегін жуатын, шомылдыратын адам жоқ.
«Өздігінен жүре алмағандықтан, түні бойы айғайлап, жәрдем сұрайды. Естуімізше, бұған дейін ұл-қыздарымен Ақтауда тұрған. Ондағы пәтерін балалары сатып жіберіп, Петропавлдағы жатақханадан бір бөлме әперген. Өздері Ресейге тайып отырған. Оларды әлеуметтік желі арқылы тауып алып сөйлескенімізде, біз онымен тұра алмаймыз. Сендер зейнетақысына күтуші жалдаңдар деген жауап алдық», дейді көршісі Жанна Елтаева безбүйрек перзенттері жайлы.
Қыста дәлізде оқыстан құлап, омыртқасын сындырып алғанша зейнеткер күнін ешкімге түсірмеген. Төсек тартып қалғалы көршілері тиісті мекемелерге шағымданып, қарттар үйіне алуды өтінген. Мемлекеттік мекемеге кезек көп болғандықтан, қалалық жұмыспен қамту бөлімі құжаттарын жекеменшік қарттар үйіне рәсімдеп жатса керек.
Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Аққанат Жәкенова таяу күндері мәселенің шешілетініне сендіріп отыр.
Өмір Есқали.
Дерек: КТК телеарнасы.
Сурет: egemen.kz

Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • Бүгін, 21:33
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • Бүгін, 20:50
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36