Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Парламент Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыповпен консультация өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы қаралды.
Мемлекет басшысы бұл бастаманы ел-жұрт, соның ішінде еңбек ұжымдары мен қоғамдық бірлестіктер мүшелері, зиялы қауым, жастар және аға буын талқылап жатқанына тоқталды.
– Бастаманы Парламент палаталары да қарап, қолдау білдірді және маған тиісінше үндеу жолдады. Парламент Сенатының сауалы бойынша Конституциялық Кеңес осы мәселе жөнінде нормативтік қаулы қабылдады, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев елдегі негізгі салаларды дамытуға бағытталған бірқатар мемлекеттік ұзақ мерзімді бағдарламалардың белсенді түрде жүзеге асырылып жатқанына назар аударды.
– Менің ойымша, қазақстандықтар аталған бағдарламаларды жүзеге асыру ісіне жұмылу үшін сайлау өткізу қажет деп санайды. Сондай-ақ, тұрғындар әлемде болып жатқан оқиғаларға және ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға байланысты алаңдайды. Бұдан арғы жұмыс үшін халықтың қолдауы қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Қ.Тоқаев Конституция ережелеріне сай келетін Президент сайлауын өткізуді қолдады. Ол қазіргі уақытта, әлемде қалыптасқан тұрақсыздық жағдайында бүкіл елімізге Мемлекет басшысының беделі қажет екенін атап өтті.
Қ.Жақыпов Мәжіліс депутаттары мен Қазақстан қоғамының түрлі топтары елдің жетістіктері мен әлемдегі ахуалды ескере келіп, сайлау өткізуді қолдап отырғанын айтты.

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше