«Құрметті қазақстандықтар! 2026 жылғы 15 наурызда шын мәнінде тарихи оқиға болды. Қазақстандықтар республикалық референдумға белсенді қатысып, Әділетті Қазақстанға жол бастайтын Халықтық Конституцияны қолдады. Әрқайсымыз азаматтық борышымызды орындап, Прогресс пен Әділеттіліктің жаңа жолына дауыс беру арқылы азаматтық ұстанымымызды білдірдік.
Жаңа Конституция Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттарын кеңейтеді. Енді конституциялық құрылымның негізін мынадай қағидаттар құрайды: Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау; адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын сақтау; заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету; жалпыұлттық бірлікті нығайту; халықтың әл-ауқатын арттыру; жауапты, жасампаз патриотизм идеясын ілгерілету; қоғамдық диалогты дамыту; еңбекқорлық, прогресс және білім құндылықтарын орнықтыру; жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру; тарихи-мәдени мұраны сақтау; ұлттық мәдениетті қолдау. Бұл жаңашылдықтар жаңа бағдар береді: енді мемлекет үдерістерді басқаруға ғана емес, азаматтарға қызмет етуге мән береді; біз мақсат пен тілекті ресми декларациялаудан нақты нәтижеге бағытталған жүйелік қайта құруға көшеміз», делінген партияның үндеуінде.
Жаңа Конституция биліктің мүлде жаңа архитектурасын қалыптастырады. Конституция билік ауысқан кезде жүйелік тәуекелдердің деңгейін төмендетуге бағытталған жаңа Вице-президент институтын енгізуді көздейді. Бір палаталы Парламент – Құрылтай құрылады, ол пропорционалды негізде қалыптасады. Бір палаталы Парламентке арналған пропорционалды сайлау жүйесі саяси партияларды нығайтуға және олардың мемлекеттік саясатқа ықпалын арттыруға ықпал етеді. Мұндай заң шығарушы орган сапалық тұрғыдан жаңа партиялық-саяси пікірталас үдерісін бастайды. Бұл саяси партияларды әлеуетті қолдаушылармен диалог орнатудың жаңа түрін белсенді іздеуге, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени сұранысын неғұрлым дәл ескеруге ынталандырады.
Конституцияда Жоғарғы консультативтік жаңа орган – Халық Кеңесіне арналған бөлім бар, оның қызметі жеке Конституциялық заңмен реттеледі. Жаңа институт әртүрлі әлеуметтік және этникалық топтардың мүдделерін еркін қалыптастыруға және айқындауға, оларды үйлестіруге және елдің ішкі саясатына енгізуге, сондай-ақ аймақтық мәселелерді, оның ішінде заң шығару бастамалары арқылы шешуге ықпал етеді. Осылайша заң шығару үдерісіне тағы бір субъект қосылады, ол халықтың «дауысы» болады.
«Қазақстан Халық партиясы әлеуметтік әділеттілік идеясына адалдық таныта отырып, жаңа Конституцияның кіріспесі мен жалпы ережелерінде алғаш рет «Әділетті Қазақстан» ұғымының мемлекеттік дамудың іргелі өлшемі ретінде бекітілуі ерекше маңызға ие деп санайды. Әділетті Қазақстан – бұл «Заң мен Тәртіп» ұстанымын сөзсіз ұстану. Бұл тең мүмкіндік және кепілдендірілген құқық пен бостандыққа ие қоғам, мұнда міндет адамның құқығы мен бостандығы сияқты бір-бірінен ажырағысыз болады», делінген референдумның қорытындысы туралы ресми үндеуде.
Қырғызстан ОСК төрағасы: Қазақстандағы референдум жоғары азаматтық белсенділікпен өтті
Партия өкілдерінің айтуынша, жаңа Конституция Қазақстанды тікелей әлеуметтік мемлекет деп көрсетеді. Мұндай айқын ұстаным мемлекеттің тек жоспарлап қана қоймай, нақты әрекет ететінін білдіреді, яғни құқық пен бостандықтың нақты кепілдіктерін қамтамасыз етеді: ең төменгі жалақы мен лайықты зейнетақы кепілдіктері, науқастанып қалғанда, мүгедектік тағайындалғанда немесе асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік қорғау кепілдіктері.
«Жаңа Конституция отбасын, ана мен баланы қолдайды, қолжетімді білім беру мен кепілдендірілген медициналық көмек көлемін қамтамасыз етеді. Жаңа Конституция адамның өміріндегі қиын кезеңде оны қорғайтын нақты тетіктерді қалыптастырады.
Жаңа Негізгі заң конституциялық деңгейде азаматтардың еңбек ету құқығын бекітіп, еңбекті – жоғары құндылыққа, ал жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын – мемлекеттің міндетіне айналдырады.
Түсіну маңызды: Демократия мен құқықтық мемлекет толыққанды болу үшін әлеуметтік негіз қажет. Жаңа Конституция құқықтық мемлекеттің демократиялық ұстанымдары мен мен азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерінің арасындағы тепе-теңдікті толық қамтамасыз етеді.
Жаңа Негізгі заң халықтың еркімен айқындалған еліміздің жаңа мақсаттары мен міндеттерінің жаңа бейнесін қалыптастырады. Жаңа Конституция – адамды, құқық пен бостандықты және еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігін қорғауға бағытталғандығымен ерекшеленеді. Осылайша жаңа Конституция Негізгі заңның мәтіні мен рухын шынайы өмір талабымен үйлестіреді.
Жүргізілген Конституциялық реформаның және соның нәтижесінде өткен референдумның қорытындысы бойынша жаңа Конституцияның идеялық шабыттандырушысы және бастамашысы – Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, ал бірлескен авторы халық деп сенімді түрде айтуға болады. Демек, жаңа Конституция – Халықтық Конституция, ал конституциялық реформа мен өткен референдум Қазақстандағы биліктің қайнар көзі – өзінің өткенін танып, бүгінін түсіне отырып, еліміздің болашақтағы жаңа келбеті туралы тарихи дұрыс шешім қабылдаған халық екенін көрсететін негізгі фактор. Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдумның нәтижесін толық қолдайды және барлық қазақстандықтарды Қазақстанның Әділетті және Прогрессивті болашағы үшін бірігуге шақырады», делінген үндеуде.
Respublica партиясы республикалық референдум қорытындысы бойынша мәлімдеме қабылдады