26 Ақпан, 2015

Сын сағатына дайын болайық

378 рет
көрсетілді
29 мин
оқу үшін

Елбасы сөзі – елдіктің көзі

10 Қазақстан Президентін сайлауды кезектен тыс өткізейік деген жалпы халық қолдап отырған пікірге біз де үн қосамыз. Саяси, экономикалық, қауіпсіздік ахуал күрделеніп кетті. Сын сағаты келді. Осындай жағдайда ел тізгінін берік ұстап отыратын басшыны қауіптің алдын ала сайлап алудың маңызы зор. Сагадиев (1)Дәлірек айтсақ, әлемде ты­ныш­тық бұзылды, дүрбелең көбейді. Бір-бірімен соғыспай, даулас­пай жатқан елдер жоқтың қасы. Үлкен қақтығыстардың қаупі де көрініс беріп отыр. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың мүшесі ретінде көптеген  елдермен саяси, экономикалық тығыз қарым-қа­тынас жүргізеді. Татулығы бұзыл­ған, бір-бірімен мәмілеге келе алмай қылышын жалаңдатып, санк­циялық соғыс майданын ашып отырған әлем елдерінің ызғары, теріс әсері біздерге де келмей қой­майды, келіп те жатыр. Қазақ елі үшін бұл үлкен қауіп. Одан да сақ­танып, алдын алмаса болмайды. Әлем экономикасы дағдарыстан әлі шыққан жоқ. Осы дағдарыс, тіпті, қоюлана бастаған сияқты. Әлемде тауарға сұраныс азайды. Осының салдарынан мұнай бағасы екі есеге жуық, әртүрлі металл бағамы айтарлықтай төмендеді. Қазақстан экономикасын бұл ауыр жағдайға әкелді, өйткені, жоғарыда аталған тауарлардан алатын табыс көзі күрт тарылды. Ресей мен Украина арасындағы жағдай да екеуінің экономикасын құлдырату үстінде. Соның салдарынан олармен, әсіресе, Ресеймен экономикалық қатынас біздің шаруашылығымыздың жағдайын бұрынғыдан да қиындататын түрі бар, қиындатып та жатыр. Ел экономикасына келген осы қауіпті біз барынша сезініп отырмыз. Сондықтан да осы қауіптердің алдын алатын ауқымды шаралар жүргізіп, өз тағында уақытына алаңдамай мықты отыратын Президент керек. Кенжеғали САҒАДИЕВ, ҰҒА академигі. АЛМАТЫ.иденттік сайлауды биыл

Шығысқазақстандық еңбек ұжымдары қолдайды

Қазақстан халқы Ассам­блея­сы Кеңесінің кезектен тыс пре­зиденттік сайлау өт­кізу жөніндегі бастамасына шығысқазақстандық ірі кәсіп­орындардың еңбек ұжым­дары да үн қосып, қолдау білдірді. Шығыс өңіріндегі түрлі еңбек ұжымдары өкілдерінің пікірінше, президенттік және парламенттік сайлауларды бір мерзімде өткізу электоралдық науқан үшін қолай­сыздық тудырады. – Қазақстан халқы Ассам­блея­сы мүшелерінің кезектен тыс президенттік сайлау өткізу жөніндегі бастамасын теледидар арқылы көрдім. Осы уақытқа дейін мемлекеттік саясат бар күш-жігерін отан­дастарымыздың жақсы өмір сүруі мен елдегі бейбітшілікті нығайтуға жұмсады. Бұл бағытта мемлекетіміздің келешегі үшін кезектен тыс сайлау өткізу этносаралық ынтымақ­ты күшейте отырып, еліміздің дамуына серпін береді деген сенімдеміз. Біздің 25 мыңға жуық адам еңбек ететін компаниямыз Ассамблея өкілдері­нің бастамасын толығымен қолдай­ды. Еліміз үшін саяси мәні зор оқи­ғадан тыс қалмаймыз, – деді «Казцинк» ЖШС-нің бас директоры Юрий Гусев. Аталған компания кәсіподақ комитетінің төрағасы Сергей Сол­датовтың айтуынша, үлкен ұжым­ның бұл бастаманы бір­ауыздан қолдауы тегін емес. «Елбасының «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты отандастарымыздың жағ­дай­ын жақсартуға бағыт­талған. Жоспарды жүзеге асыру бірша­ма уақытты талап етері сөзсіз. Сондықтан, барша қазақ­стан­дықтар үшін кезектен тыс сайлау өткізудің маңызы зор дер едім. Қазіргі әлемдік эконо­ми­кадағы тұрақсыздық белең алған уақытта, бізге тұрақтылықты сақтауға кепілдік қажет», дейді кәсіподақ төрағасы. Ассамблеяның бастамасын аталған зауыттың барлық жұ­мысшылары да қолдап отыр. «Ас­самблея мүшелері елдің жар­қын болашағы үшін халыққа да, билікке де ортақ ұсыныс тас­тады. Біз 2007-2009 жылдары болған дағдарыс кезеңінде қа­лай өмір сүрсек, бүгін де, ертең де солай өмір сүргіміз келеді. Өскемендегі ірі кәсіпорынның өкілдері ре­тінде Ассамблеяның бастамасын қолдаймыз. Себебі, шет мем­лекеттердегі қазіргі ахуалды ескергенде, елімізде ең алдымен тұ­рақтылық пен ынтымақтың сақ­­талуы өте маңызды екенін бай­­қадық. Алдағы уақытта өт­кізі­­луі мүмкін сайлау елдің жар­­қын болашағының кепілі деп бі­ле­мін. Біз мемлекеттің қара­пай­ым­ азаматтары ретінде әрдайым атар та­ңымыздың арайлы бо­луы­на сенімді болуымыз керек», деді «Казцинк» ЖШС элек­тролиз цехының шебері Сергей Серов. Өскемен титан-магний ком­бинатының ұжымы да осы пі­кірді қуаттап отыр. Кәсіп­орын­ның жөндеу шебері Дмит­рий Нескладный зауыт жұмыс­шы­ларының пікірі ел мүддесі мен әрбір қазақстандықтың пайымымен тоғысатынын жеткізді. «Біз татулығы жарасқан, бірлігі бекем елде тұрамыз. Қазақстанның әр тұрғыны келешекке сеніммен қарағысы келеді. Ауызбірлігіміз әлемдік дағдарыс орын алған аумалы-төкпелі кезеңде ішкі тұрақтылығымыздың сақталу­ын және еліміздің одан әрі гүл­денуін қамтамасыз етеді», деді Д.Нескладный. «Өскемен титан-магний ком­бинатында 2,5 мың адам жұ­мыс істейді. Әріптестерімнің әңгі­месінен байқағаным, Ассам­блея ұсынысын жұрт жұмыла қолдауда. Әлемдегі өзге елдердің бір-бірімен келіспеушілігі салдарынан халықаралық жағдай­дың ушығып тұрғанынан хабар­дармыз. Сол себепті еліміз кезектен тыс сайлау өткізе отырып, болашаққа нық қадам басуы керек деп есептеймін», деді кәсіпорын жұмысшысы Талғат Құмарбеков. Өскемен титан-магний зауы­тының еңбек ұжымы келер жылы президенттік және парламенттік сайлау сынды екі ауқымды электоралдық науқанды қатар өткізудің көңілге қонымсыз екенін жеткізіп, президенттік сайлауды биыл өткізген ләзім деген пікірлерімен бөлісті. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». ӨСКЕМЕН.

Бірден-бір дұрыс шешім

Қазақстан халқы Ассам­блея­­сы Кеңесі мүшелері Қа­зақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің сайлауын кезектен тыс өткізу туралы бас­тама көтеріп, үндеу жариялауын қуана қарсы алдық. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы маңызды мәселе бойынша ұстанымын білдіруді өзде­рінің азаматтық борышы деп санайды. Жаhандық сын-қатерлер кезеңінде еліміздің Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қа­зақ­станды дағдарыстан алып шы­ғуы­на мүмкіндік беретін жаңа сенім мандаты берілуі қажет. Елбасына сенім мандатын білдіру арқылы әлемдік дамудың жаңа кезе­­ңінде халқымызды біріктіріп, мем­­­ле­­­кетті дамытудағы маңызды мә­­се­­­­­­лелерге ден қоюға мүмкіндік аламыз. Бүгінде «Мәңгілік Ел» идеясын, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын және «Қа­зақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру үшін Елбасына үнемі сенім артуымыз керек. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясат төңірегінде топтасу арқылы елі­міздің одан әрі қарқынды дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын арт­тыруға қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз. Сондықтан біз барша қазақстандықтарды Елбасы Н.Ә.На­зарбаевтың төңірегіне топтасуға шақырамыз. Сонымен қатар, Елбасына жаңа мандат беру арқылы Қазақстан халқын оның төңірегіне тығыз топтастырып, еліміздің дамуына, мемле­кеттілігімізді нығайтуға, елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті күшейтуге, Нұрсұлтан Әбішұлы ұсынған «Нұрлы Жол» – болашаққа бастар жол» ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асыруға қол жеткізетініміз анық. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясатқа қолдау білдіру еліміздің қарқынды дамуына, халқымыздың жақсы өмір сүруіне қолдау білдіру деп ойлаймыз. Тәуелсіздік алғанына 23 жыл ғана болған Қазақстан Рес­публикасының абыройын аспанға асқақтатып, әлемдегі алпауыт елдермен иық тіресетіндей әлеуетке жеткізген Елбасының сарабдал саясатының тереңдігін, көз түгіл көңіл жетпес көкжиекті болжай алған көрегендігін, ел алдындағы ерен еңбегін, отандық қана емес, жаhандық саясаттағы жетекші орнын, бүкіл дүниежүзінің әйгілі саясаткерлерінің мойындап отыр­­­ғанын біз зор мақтаныш тұтамыз. Ел экономикасының гүл­денуіне кедергі келтіретін қан­шама қиын­дықтарды жеңуге, халқымыздың еңсесін көтеріп, болашаққа нық сеніммен қарайтын бүгінгідей жағдайға жеткізуге, әдебиет пен мәдениетін, білімі мен ғылымын биік­тете түсуге, көпұлтты мемлекетіміздегі береке-бірлікті нығайтып, саяси, әлеуметтік тұрақтылықтың берік орнығуына ұйытқы болып келе жатқан Тұңғыш Президентке Қазақстан халқы шексіз риза. Оның Қазақстан Республикасын гүлденген елге айналдырып, халқымыздың қасиет-құтын барша әлемге танытып, еліміздегі әр азаматтың патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын тереңдете түсу мақсатындағы әрбір қадамы, жаңа бастамалары жарқын болашаққа жетелейді. Әлемдік өркениетке туған халқын адастырмай апаратын дана тұлға, дара азамат әр елге керек. Сондықтан қазақстандықтар Н.Ә.Назарбаевты Елбасы деп бекерден-бекер ардақтап жүрген жоқ. Бұл халқымыздың оған деген шынайы құрметі, шексіз сенімі. Бізде Елбасы біреу, біз оған қай уақытта да сүйеу бола білуіміз керек. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің Қазақстан Республикасы Прези­дентін сайлауды кезектен тыс өткізу туралы бастамасын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессор-оқы­ту­шылар құрамы мен студенттері толық қолдайды. Елбасына сенімді ел болашағына берілген кепілдік және орынды да бірден-бір дұрыс шешім санайды. Менболат ТІНӘЛИЕВ, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушысы. ОРАЛ.

Елдіктің тірегі – тіл

Жақында Алматы қаласын­дағы «Дос­тық үйінде» Халық­аралық «Қазақ тілі» қоғамының алқа мүшелері бас қосып, барша қазақстандықтарды толғандырып отырған бүгінгі таңның басты мәселесі – президенттік сайлау өткізу бастамасын талқылады. Қоғам төрағасы, ҰҒА ака­де­мигі Өмір­зақ Айтбайұлы өз сөзін­­­де Ұлытау тө­рінде Ел­ба­сымыз Нұрсұлтан Әбішұлы На­зарбаевтың ұлтымыздың тілі мен діні, мәдениеті мен тарихы туралы айтқан ұлағатты сөздерін еске салып, ширек ға­сырдан бері мемлекеттік тіліміздің даму жолдарының жетістіктері мен кө­леңкелі тұстарын сараптай келе, ана тіліміздің бірте-бірте қарқындай дамып, мемлекеттің басты ұйыстырушы не­гізіне айналып келе жатқанын атап өтті. Одан кейін де сөз алған қоғам қайрат­керлері елдіктің басты тірегі – тіл екенін тағы да бір нақ­тылай түсіп, татулық пен бір­ліктің арқасында экономикамыз өсіп-өркендеумен қатар, ұлты­мыздың рухани-мәдени түлеуі де еселей түсетініне сенім білдірді. Тіл жанашырлары Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бас­тамасын мақұлдап, мұның уақыт талабы екенін атап көрсетті. Шарафаддин ӘМІРОВ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.

Қоғамды оятатын бастама

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп ұжымы кезектен тыс президенттік сайлау өткізу жөніндегі ұсынысты бірауыздан қолдайды, мұны халық мүддесіне сай келетін ең дұрыс шешім деп санайды. Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Нұрлы Жол» Жолдауы елімізді қазіргі дағдарысқа ұрындырмайтын жарық жол деп білеміз. Қазақстан Президенті «Әр баланың өз нәсібі бар», деп халықтық пайымға жаңа ұғым беріп, біздің кәсіби қызмет өрісімізді кеңейтті. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушыларын мұғалімдер қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады», деп Елбасымыз айтқандай, жаппай білім мен тәрбие жолында, рухани-мәдени майданда аянбай еңбек етеміз. Осы орайда, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді ұсынғаны құптарлық жәйт. Бұл біздің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Мәңгілік Ел» идеясының жүзеге асырылуын қамтамасыз ете отырып, бұдан да қуатты, бұдан да тас түйін бола түсуімізге мүмкіндік береді. Қысқасы, барлық қазақстандықтарды Қазақстан халқы Ассамблеясы Кенесінің үндеуін қолдауға шақырамыз. Бұл қоғамды оятты. Тың серпін берді. Айнұр ӘЛШЕРІ, М.Әуезов орта мектебінің мұғалімі. Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы.

Салиқалы саясаттың нәтижесі

БектургановМен Қазақстан халқы Ассам­блеясының мүшелері Парламент Мәжілісіндегі депутаттық топқа, саяси партияларға, үкіметтік емес ұйымдарға және бүкіл Қазақстан халқына ел Президентінің сайлауын кезектен тыс өткізуге бас­тама көтеру туралы үндеуін мұқият оқып шықтым. Ассамблея мүшелерінің бұл бастамасын құптарлық, қолдауға лайық бастама деп түсінемін. Шын мәнінде қазіргі дүние­жүзілік экономикалық дағда­рыстың тұсында бір жылда, яғни 2016 жылы президенттік және пар­ламенттік қос бірдей сайлауды қатар өткізу мемлекетіміздің бюд­жетіне ауыр салмақ түсіретіні анық. Сондықтан ел Президентін сайлауды биыл, 2015 жылы өт­кіз­ген дұрыс. Елімізді сонау­ 2007 жылдан бастау алған әлем­дік­ қар­жы дағдарысына, өт­кен жыл­­дың­ соңына қарай мұнай ба­ға­сы­ның құлдырауына қарамастан, дамытып қана қоймай, оның ішін­де әлеуметтік салаларда қолға алын­ған жұмыстарды арттыра түсуге бағыт-бағдар беріп отыр­ған елі­міздің Президенті Нұрсұл­тан Әбіш­ұлы Назарбаевқа жаңа пре­­зи­денттік мандат беру туралы мә­се­ле көтерілгені орынды деп білемін. Әлемдік экономикалық дағда­рыстың жақын қалғанын сезген Елбасы оның алдын алып, 2014 жылдың аяқталуын күтпей-ақ «Нұрлы Жол – болашаққа бас­тар жол» атты Жолдауын халық­қа жариялады. Бұл Жолдауда ұлт­тық қордан қомақты қаржы бө­лініп, инфрақұрылым саласы­ қолға алынатындығы, сөйтіп, әлем­дік дағдарыс тұсын­да халқымыз тұрақты жұмыстармен қамтылатындығы туралы нақты көрсетілген. Мұндағы айтпағым, осындай қиын-қыстау күрделі ке­зеңде, халқына тұйықтан шығудың жолын нұсқап, болашақтың бағдар шамын іздестірумен жүрген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының қасына топтасып, оның жүргізіп отырған ішкі, сыртқы саясатын қолдауымыз қажет деп түсінемін. Еліміздің қазіргі ахуалына қарап шүкіршілік етемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш жағдайда өмір сүрудеміз. Жұмыс істеймін, кәсіпкерлікпен айналысамын де­гендерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, қаржысы жоқ­тарға несиелер беріліп жатыр. Осының нәтижесінде жұмысын дөңгелетіп, өзінің тұрмыс-жағ­дайларын жақсартып жүрген азаматтар көптеп саналады. Ал зейнет жасындағы біз сияқтылар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, мемлекеттік қызметтің басы-қасында жүрген азаматтар, ұстаздар мен дәрігерлер өздерінің еңбекақылары мен зейнетақыла­рын уақтылы алып отыруымыз мем­лекетіміздің іргетасының мық­тылығы, Президентіміз Нұр­сұлтан Назарбаевтың жүргізіп отыр­ған салиқалы саясатының дұрыс­тығының нәтижесі дер едім. Сондықтан мен Қазақстан халқы Ассам­блеясының мүшелері ұсын­ған президенттік сайлауды кезектен тыс, яғни биыл өткізу туралы бастамасын бар ықыла­сыммен қолдайтынымды білді­ремін. Осыған отандастарымды да шақырамын. Бектұрған ЖАМБАБАЕВ, ардагер журналист. Жамбыл облысы, Меркі ауданы. 06Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің үстіміздегі жылы кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастамасы жұртшылық тарапынан қызу талқылану үстінде. Белсенді пікірталастарға қарағанда, бұл үдеріс жалпыхалықтық қолдауға ие болып отыр. Түрлі мамандық иелері – кәсіпорын жұмысшылары мен ауыл еңбеккерлері, мұғалімдер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғылыми қоғамдастық және үшінші сектор өкілдері, кәсіпкерлер мен түрлі саяси партиялар мүшелері, қысқасы, барша халық сайлау өткізуді қолдау туралы өздерінің пікірлерін білдіріп жатыр. Қазақстандықтардың бұл ұстанымдарынан қоғамдағы тұрақтылық пен келісім ғана елімізді жаңа биіктерге бастайды деген ой анық аңғарылады. Нұриддин КАЮМОВ, Тәжікстан Республикасы Ғы­­­­лым академиясының академигі, эко­номика ғылымдарының докторы: – Бүгінде әлемде қаржы-эконо­микалық дағдарыстың жаңа толқыны кеңінен тарап келеді. Жағдай гео­сая­си қысымдармен де айтарлықтай күрделене түсуде. Осы орайда, тіпті, дамыған елдердің өзінде ксено­фобия, діни төзімсіздік, радикалды қозғалыстар өсіп отыр. Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі жариялаған 2015 жылы президенттік сайлау өткізу туралы бастамасы уақтылы және орынды шешім болып табылады. Қазақстанда президенттік сайлау өткізу бұған дейін белгіленген бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, ел экономикасының өсімін одан әрі қамтамасыз ететін болады. Мұның шетел инвестициялары үшін де үлкен кепілдік атқаратыны күмәнсіз. Сонымен қатар, Орталық Азия елдерінің өңірлік ынтымақтастығына да оң ықпал ететін болады. Сәуірбай ЕСЖАНОВ, «Астанаэнергосервис» АҚ басқармасының төрағасы: – Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастамасы негізсіз емес. Әлемде байқалып отырған қазіргі күрделі жағдай Қазақстанға Мемлекет басшысы нұсқаған бағыттан таймаған жағдайда ғана тиімді даму мүмкіндігін беретіні ақиқат. Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайда ғана Қазақстан өсіп-өркендеп, елдегі тұрақтылық пен келісімді толық көлемінде сақтай алады деп білемін. Ал біздің кәсіпорынға келетін болсақ, ол Астанадағы коммуналдық қызмет көрсетуде үлкен басымдыққа ие. Холдинг табыстарының маңызды қырының бірі ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауы десем, еш артық айтқандық емес. Бұл қолдау ұжымымызды тек тиімді жұмысқа ғана ынталандырып қоймай, әлеуметтік міндеттемелерін орындауға да алғышарт жасап отыр. Владимир ТОЛОКОННИКОВ, Қазақстан орыс қоғамының Қызылорда облыстық филиа­лы­ның директоры: Қазіргі таңда Қазақстан – пост­кеңестік кеңістіктегі ең тұрақты және орнықты дамып келе жат­­қан рес­публика. Біз қалыптасқан нарықтық экономика құрып, жұ­мыссыздықтың ең төменгі деңгейіне қол жеткіздік және азаматтарымыз өмірінің сапасын жоғарылата отырып, әлеуметтік салада айтарлықтай биіктерді еңсердік. Қазақстан табыстарының негізінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана да сара саясаты жатыр. Мұндағы ең бас­ты базистердің бірі – ұлттар достығы мен қоғамдық келісім. Осының арқасында елімізде тұрып жатқан 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар Қазақстанды өздерінің ортақ Отаны санайды. Мен кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастама көтерген Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесіне де үлкен ризашылығымды білдіремін. Орыс қоғамының Қазақстандағы филиалы бұл ұсынысты бірауыздан қолдайды. Бекболат ТІЛЕУХАН, Ұлттық спорт түрлері қауым­дас­тығының президенті: – Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңе­сінің кезектен тыс прези­­дент­тік сайлау өткізу туралы бастамасын жан-жақты қолдайды. Бұған нақты се­­бептер бар. Бірінші кезекте бұл ел­де бірлік пен тұрақтылықты қам­та­­­­масыз етіп, Отанымызды дәйек­ті­лік­­­пен дамытуға бағытталған жұмыстарды жалғастыру үшін қажет. Ұлттық спорт түрлері елімізде жақсы дамып келеді. Бұған бір ғана мысал келтірейін. 2014 жылы Түркістанда өткен әлем чемпионатына Қазақстанның барлық 14 облысынан, сондай-ақ, Астана мен Алматыдан құрама командалар толық құрамында қатысты. Бұл нені білдіреді? Бұл жер-жерлерде дәстүрлерімізді жалғастыруға жан-жақты назар аударылып келе жатқанын білдіреді. Атап көрсететін бір жайт, мұнда Мемлекет басшысының орасан зор рөлі бар. Әлия САЛИЕВА, кәсіпкер, Батыс Қазақстан облысы: – Президенттік сайлау – бүгін­де ең көп талқыланып жатқан тақы­рыптардың бірі. Осы ұсыныстың пайда­сына көптеген дәлел-дәйектер кел­тіруге болады. Еліміз әлемдік қоғам­дастықта айтарлықтай жоғары бедел алып үлгерді. Оның үстіне, өзінің ерекше даму жолының дұрыс­ты­ғын әркез айғақтап келеді. Бұл – барлық қазақстандықтардың, бірінші кезекте, халықты жалпы­ұлттық идея төңірегінде топтастыра білген Президенттің еңбегінің нәтижесі. Бизнес-қоғамдастықтың кез келген өкілі тұрақтылық пен келісім жағдайында ғана табысты дамуға қол жеткізуге болатынын жақсы біледі. Отанымыздағы татулықтың арқасында қазақстандықтар, тіпті, тәуелсіздіктің елең-алаңындағы ең қиын кездердің өзінде оған төтеп беріп қана қоймай, экономикалық өсімге де берік іргетас қалады. Сондықтан да ҚХА Кеңесінің кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастамасы жан-жақты қолдау тауып отыр. Тимур НАҚЫПБЕКОВ, Оңтүстік Қазақстан облыс­тық кәсіпкерлер палатасы депар­таментінің жетекшісі: – Қазақстанның әлемдік эко­но­микадағы күрделі жағдайларды ең­серуіне «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты жәрдем­­деседі. Қазіргі таңда басты мақсаты шикізаттық экономикадан кету болып табылатын индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру қатарласа жүруде. Осы мемлекеттік бағдарламаларды табысты жүзеге асыру үшін Президенттің жеке бақылауы мен қатысуы ауадай қажет. Өйткені, олардың бастамашысы да Елбасының өзі болып табылады. Бизнес жақсы даму үшін тұрақты экономикалық бағыт пен саяси кепілдік қажет. Көптеген дамушы елдерде президенттік сайлаулардың алдында инвесторлар әдетте қандай да бір мерзімге тайм-аут алады. Себебі, елдегі саяси ахуал қай жаққа қарай бұрылатынын біл­мейді. Үстіміздегі жылы сайлау өткізу инвесторларға одан әрі сенімді түрде жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік береді. Рубен АНДРИАСЯН, Қазақстанның халық әртісі, Мем­­­­­­­лекеттік сыйлықтың лауреаты:­ – Қазіргі кезде әлемдегі саяси жағ­дай тұрақсыз екендігін көріп отырмыз. Әлемдік дағдарыс өзінің шыңына қарай жақындап қалды. Біз дағдарыс көріністерін қалай еңсеруді ойластырып жатырмыз. Ал бізді асау тасқыннан Президент Н.Ә.Назарбаев болмаса, кім алып өтеді? Мен елдегі барлық этностар өкілдік ететін Ассам­блеяның ­бас­­­­­­­тамасын толық қолдаймын. Өзгелерді де қолдауға шақырамын. Біздің бәріміз ел болып бірігіп, алда тұрған бірінші кезектегі міндеттерді шешуге кірісуіміз керек. Бұл тек сайлау ғана емес, онда халық пен ұлттың тағдыры шешілетін болады. Мемлекет басшысына сенім мандатын беру халықаралық саясаттың ең бір күрделі кезеңінде жұдырықтай жұмылудың жалғыз жолы болатыны күмәнсіз. Жексенбек ӘДІЛОВ, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлт­тық техникалық универ­сите­тінің ректоры, Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық ғылым академиясының академигі: – Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен еліміз нағыз нарықтық экономикалы егемен мемлекет бола отырып, үлкен табыстарға қол жеткізді. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың жүйелі қайта жаңғыртуларды жалғастырғаны біздің ортақ мүддемізбен сәйкес келетінін түсінуіміз қажет. Осымен байланысты, ҚазҰТУ-дің сан мыңдаған ұжымы ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі мен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастамасына тұтастай қолдау білдірді. Еліміздегі индустрияландыру үдерістерін қамтамасыз ету үшін үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында білікті маман-кадрлар дайындауға 10 техникалық ЖОО іріктеп алынғаны белгілі. Олардың арасында біздің университет те бар. ҚазҰТУ ұжымы алға қойылған міндеттер үдесінен шығуға бар күш-жігерін жұмсайтын болады. Юрий ЦХАЙ, Қазақстан бокс федера­ция­сы­ның вице-президенті: – Соңғы 20 жылда Қазақстанда спортты дамыту үшін көп жұмыс жасалды. Біздің Көк байрағымыз отандық спортшылардың олимпиадаларда, әлемдік біріншіліктерде қол жеткізген табыстарына орай барған сайын жиі-жиі көтерілетін болды. Бұған қоса, еліміз ірі халықаралық жарыстар өткізетін орынға да айнала бастады. Болашақта да осылай болуы тиіс деп ойлаймын. Бұл үшін баршамыз ел басшылығын қолдауға тиіспіз. Бұл Қазақстан бағыты бұрынғысынша тұрақты, жеңістерге бет бұрған қалпында қалуы үшін керек. Біздің боксшыларымыз әлемде жетекші орынға сенімді тұрақтаған. Қазақстан боксы қазіргі таңда бүкіл әлем танитын брендке айналып отыр. Бізде қашанда әлеует жоғары, яғни талантты спортшылар көп. Соңғы жылдары ол Мем­ле­кет басшысының спортты дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуі­нің арқасында бұрынғыдан да табысты дами түсті. Қысқасы, біз жаңа биіктерді бағындырдық, алда кезекті шыңдар тұр. Роза КӘРІБЖАНОВА, «Ғылым ордасы» респуб­­ли­калық мемлекеттік кәсіпорынның бас директоры: – «Дана мемлекет мыңдаған жыл өмір сүреді», деген жақсы тәмсіл бар. Мұндай табыстың іргетасы дамудың тереңнен ойластырылған стратегиясы екені түсінікті. Нақ осын­дай стратегия Қазақстанда Прези­дент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшы­лығымен жасалып отыр. Халық­аралық сарапшылар бүгінде тарихи қысқа мерзімде әлемдегі аса дамыған 50 мемлекеттің қатарынан ойып тұрып орын ала алған еліміздің тамаша трансформациясын оқып-үйренуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді дәйекті ілгерілетуінің алгоритмі «Қазақстан-2050» Стратегиясында нақты көрініс тапқан. Бұл Қазақстанды өсіп-өркендетуге апаратын жол болып табылады. Бұл мақсат қашанда біздің ата-бабаларымыздың басын біріктіріп келсе, қазіргі кезде де Елбасының басшылығымен осы бағытты бетке алып жүріп келеміз. Отанымыздың болашақ дамуын да Нұрсұлтан Әбішұлының атымен тікелей байланыстырамыз. Зарема ШӘУКЕНОВА, Ғылым және білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институ­тының директоры, «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы саяси кеңесінің мүшесі: – «Нұрлы Жол» Жаңа Экономи­калық Саясаты, сондай-ақ, «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қалып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» кем дегенде дағдарыстан кейінгі дүниенің контурларын айқындап беретіндей. Бұл арада мен біздерге, барлық қазақстандықтарға, балаларымыз бен немерелерімізге қатысты айтып тұрмын. Осылайша Елбасы ешкімде де жоқ деп айтсақ қателеспейтін нақты іс-қимыл бағдарламасын белгіледі. Сондықтан бізге Мемлекет басшысына бұған дейін де талай мәрте жасағанымыздай, сенім көрсетіп, әркім өз орнында барынша көмектескені жөн. Бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда осы күнге дейін сенім үдесінен шығып келе жатқан Елбасына сенбегенде, кімге сенеміз? Біз тарихи әділеттілік пен уақыт байланысын қалпына келтіріп, халқымызды тату-тәтті тірлікке бастай білген Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге егемен Қазақстанды әрі қарай күшейтуді жалғастырайық дегім келеді. Анастасия ЛУШПЕЙ, Ақтөбе белгі беру және байланыс дистанциясының механигі: – Қазақстан халқы Асса­мблея­сы Кеңесінің бастамасы туралы өткен демалыс күндері ғаламтордан оқып білдім. Бастамашы топ Елбасына сенім ман­датын білдіру арқылы әлемдік даму­дың жаңа кезеңінде халқымыз­ды біріктіріп, мемлекетті дамыту­да­ғы маңызды мәселелерге ден қоюға мүм­кіндік ­аламыз деп хабарлады. Ассам­блея өкілде­рі «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын және «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді біріктіру керек деген ұсыныс айтады. Менің ойым да осыған саяды. Еліміздің саяси өмірінде нен­дей өзгерістер болса да, тек оптимистік көзқарастамын. Өйт­кені, барлығы қарапайым халық игілігі үшін жасалып жатыр деп ойлаймын.