2025 жылы ай сайын шамамен 40 мыңға жуық үй сатылып келген еді. Тіпті ерекше жоғары болған желтоқсанды есептемегеннің өзінде, биылғы көрсеткіштер әлдеқайда төмен. Яғни халықтың үй алуға деген ықыласы азайып отыр.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, ақпанда 20 өңірдің тең жартысында сауда кеміген. Әсіресе Шымкентте (–28,3%), Жамбыл облысында (–15,8%), Қызылорда облысында (–12,9%) қатты төмендеген. Ал Абай облысында (+20,4%), Солтүстік Қазақстанда (+14,2%) және Алматыда (+10,4%) керісінше, қозғалыс жандана түскен.
Олжас Бектенов: Ауылдық жерлердегі тұрғын үй құрылысына көңіл бөлу керек
Сатылған үйлердің басым бөлігі – пәтерлер. Ақпанда 21 мыңнан астам пәтер өткен. Бұл қаңтармен салыстырғанда сәл аз. Жеке үйлер керісінше, аздап көбейген – 6 мыңнан аса келісім жасалған. Ең көп алынғаны – бір бөлмелі пәтерлер.
Былтырмен салыстырғанда да көрсеткіш төмен. Жалпы сауда көлемі 5,5 пайызға қысқарған. 20 өңірдің 14-інде төмендеу байқалса, ең көп азайғаны – Ұлытау облысы (–30,3%). Ал Атырау облысында ғана өсім бар.
Мамандар мұны жыл басындағы әдеттегі баяулықпен байланыстырады. Әдетте көктемге қарай халықтың қозғалысы көбейіп, үй алу-сату қайта жанданады.