Қазақ батырларының бойтұмарындай болған Бауыржан Момышұлы, сұрмерген Ыбрайым Сүлейменов, жаужүрек Ағаділ Суханбаев, панфиловшы Николай Белашов, атақты ұшқыш Анатолий Семенюк, пулеметшілер бөлімшесінің командирі Саттар Естемісов, Сәду Шәкіров, Яков Тюлькин, Нурулла Фазылаевтың ерліктері аңызға айналды. Олардың майдандағы ерлігін тылда еселі еңбекпен жалғастырған жамбылдықтар Жеңіс күнін жақындатуға сүбелі үлес қосты. Енді, міне, Отан үшін жанын пида еткен жауынгерлер рухына бас иіп, тағзым ету, ардагерлерімізді ардақтау – бүгінгі ұрпақтың ең басты парызы.
Осы аптада Тараз қаласының теміржол бекетінен «Жеңіс пойызы» жолға шықты. Құрамында 15 медицина қызметкері, басқа да әлеуметтік қызметкерлер, өнер адамдары, ардагерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар бұл пойыз Б.Момышұлы ауылы мен Жаңатас қаласына дейін, бір жағы Шу, Шығанақ, Отар стансаларына дейін барып, өңірлердегі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құрметтеп, хал-жағдайларын біліп, денсаулығына көңіл бөліп, кешенді түрде медициналық көмек көрсетеді. Нақтырақ айтсақ, «Жеңіс пойызы» облыс аумағындағы 38 стансаға тоқтап, теміржол саласында жұмыс істеп жатқан 2449 қызметкердің отбасындағы қарияларға, тыл еңбеккерлеріне де қызмет көрсететін болады. Сондай-ақ, осы сапар барысында ардагерлерге 128 тонна тегін азық-түлік таратылады.
– Біз Жеңіс солдаттары алдында мәңгі қарыздармыз. Аға ұрпақтың ерен еңбегінің арқасында біз бүгінгідей бейбіт күнде, тәуелсіз елде өмір сүрудеміз. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев соғыс ардагерлерінің қоғамдағы рөліне үлкен мән беріп, оларға мемлекеттік қамқорлық жасауды тұрақты назарда ұстауда. Біздің борышымыз – алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін терең ұғыну. Арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету. Ендігі жерде «соғыс» деген ауыр күн алдымыздан шықпасын. Ұрпағымыз бейбіт өмір сүрсін. Ұлы Жеңіс сыйлаған ардагерлеріміз аман-сау болсын!», – деп Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев «Жеңіс пойызына» сәтсапар тіледі.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.

Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10
«Травиата» тағы да таңғалдырды
Театр • Бүгін, 09:55
Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Мирас • Бүгін, 09:35
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30
Солтүстік спортындағы соны серпін
Спорт • Бүгін, 09:25
Балалар құқын қорғайтын басқарма
Шымкент • Бүгін, 09:20
Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»
Құқық • Бүгін, 09:15
Классикалық үлгіге қосылған еңбек
Әдебиет • Бүгін, 09:10
Руханият • Бүгін, 09:05
Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн
Ғылым • Бүгін, 09:00
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55
«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»
Сұхбат • Бүгін, 08:50