Әлем • Кеше

Иран Израильдің ең ірі мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасады

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Иран әскері Израильдің Ашдод пен Хайфа қалаларындағы мұнай өңдеу зауыттарына соққы берді. Бұл туралы Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап

Иран Израильдің ең ірі мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасады

 «Сионистік режимнің ең ірі мұнай өңдеу кешендері саналатын Хайфа мен Ашдодтағы мұнай өңдеу зауыттарына зымырандармен соққы жасалды», делінген Иранның мемлекеттік телерадио компаниясы таратқан КСИР мәлімдемесінде.

Осылайша, КСИР АҚШ пен Израильге қарсы «Шынайы уәде 4» операциясы аясындағы 65-ші соққы толқыны туралы хабарлап, Израильдегі ондаған әскери нысанға да шабуыл жасалғанын атап өтті.

«Израильдің оңтүстігі мен орталық бөлігіндегі, соның ішінде Ришон-ле-Цион қаласы маңындағы, сондай-ақ Тель-Авивтің шығысы мен оңтүстігіндегі 80 түрлі әскери нысан зымыран жүйелері мен ұшқышсыз аппараттар арқылы дәл соққыға ұшырады», деп келтіреді корпустың мәлімдемесін IRNA агенттігі.

Сондай-ақ КСИР Израильдің «стратегиялық нысандарына», оның ішінде Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайына, Израильдің ұлттық қауіпсіздік министрлігіне, Тель-Авивтегі 13-арнаның кеңсесіне, сондай-ақ Израильдің құрлық әскеріне қатысты нысандарға соққы жасалғанын мәлімдеді.

Шабуылдар ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымырандар арқылы жасалғаны атап өтілді.

Иран АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған шабуылға жауап ретінде Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери нысандарына және Израиль аумағына соққы беріп жатыр. Қақтығыстың алғашқы күні, 28 ақпанда, Иранның оңтүстігіндегі қыздар мектебі соққыға ұшырап, жоғарғы көшбасшы аятолла Әли Хаменеи қаза тапқан. БҰҰ жанындағы Иранның тұрақты өкілі Әмір Саид Ираванидің мәліметінше, шабуыл құрбандарының жалпы саны 1,3 мыңнан астам бейбіт тұрғынды құрап, 17 мыңнан астам адам жараланған.

Соңғы жаңалықтар