26 Ақпан, 2015

Балықтың құжаты дұрыс болмай шықты

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ-өзбек шекарасында тұрған қазақстандық шекарашылар жалған құжатпен ірі көлемдегі жүкті шекарадан алып өтпек болған азаматты ұстады. Нақтырақ айтқанда, еліміздің оңтүстігіндегі Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Б.Қонысбаев авто» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары Қазақстаннан көршілес Өзбекстанға мұздатылған балықтарды алып бара жатқан 43 жастағы отандасымызды тоқтатты. Оның «МАН» көлігіне тиелген жүгінің көлемі шекарашылардың күдігін туғызды. Қолындағы құжат бойынша жүктің көлемі азайтылып көрсетілгені сырт көзге байқалып тұрды. ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес, жүкті таразыға салып өлшегенде оның салмағы 28 тоннадан асып кетті. Құжаты дұрыс болмай шыққан балықтары үшін жерлесіміз әкімшілік жазаға тартылатын болды. сурет : http://massaget.kz