Юлия Путинцева алғашқы айналымда Индонезия өкілі Джанине Ченді үш сетке созылған тартысты кездесуде жеңді – 3:6, 6:3, 6:4. Екі сағат алты минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші жігер танытып, есепте кейін қалып қойса да, ойынды өз пайдасына бұра білді. Путинцева екі эйс жасаған. Ал қарсыласы 12 эйс орындағанымен, тоғыз рет қос қателікке жол берді.
Осылайша Юлия Путинцева турнирдің екінші айналымына шықты. Енді ол Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездеседі. Бұл матч қазақстандық теннис үшін айрықша оқиға болмақ.
Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Айта кетейік, дәл осы күндері ел ішінде де футболдан Қазақстан Премьер-лигасының үшінші тур ойындары өтіп жатыр. 20-22 наурыз аралығында сегіз матч жоспарланған.