Көлік полицейлері Жамбыл облысының 3 тұрғынынан 1 тоннадан аса кесілген рельстерді тапты
Ағымдағы жылдың 7 ақпанында Луговой стансасындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында РСП-2 аумағынан 1988ж. 1989ж. және 1974 ж.туылған Жамбыл облысының тұрғындарының басқаруындағы АУДИ-100, Мерседес-Бенц-230 және Фольсваген-джеттапод автомашиналарын ұстады. Тексеру барысында аталған көліктердің салондарынан 19 дана кесілген Р-65 рельсі табылып алынды. Заттың жалпы салмағы 1 тонна 261 келіні құрайды.
Қазіргі уақытта Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлімі 1,3- (Ұрлық) тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен; ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық – мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
«Егемен-ақпарат».