Аудан орталығы – Атасу аймақтағы ең әдемі кент саналуы соған айғақ. Былтыр 80 жылдығына орай көгалдандыру мен көріктендіруге арналған көптеген игі іс-шаралар атқарылса, ол биыл жалғасып, кент тіпті сәндене түсуде.
Қарағанды жақтан кіреберіс сыртқы жол айналымынан Көлік орамына дейін ұзындығы 1100 метрден астам жолдың екі жақ қапталына орнатылған 70 декоративті жарық шамдар ымырт үйіріле айналаны самаладай жарқыратады. Абай, С.Сейфуллин көшелеріне 2600 шаршы метр төсемтастар төселіп, бордюрлер қойылды. Сарысу көшесіндегі жаңа шағын ауданда 35 жеке меншік үй салушыларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жасалды.
Кенттегі айналма жолға былтыр “Қанатты тұлпар” стелласы орнатылса, жастар алаңына, балалар бағына, мәдениет үйінің алдына қос арыстан, барыс, бұлақ басындағы елік сияқты аң мүсіндері осы жылы орнап, бүлдіршіндердің көзқуанышына айналды.
Астана күні қарсаңында Атасу келбетін ашқан тағы бір белгі қойылды. Басты көше басына алтын түстес, сән-сәулеті күнмен шағылысып, өткен шақтан болашаққа қарышты қадам басқан, Жер шарынан ғарышқа қанат қаққан “Қанатты Барыс” мүсіні орнатылды. Оның жалпы биіктігі – 9 метр, орынтағының төрт қабырғасында өткен тарихымыздан сыр шертетін сақ, скиф қолөнеріне негізделген бояумен айшықталған мифологиялық аң бейнесіндегі бедертас алыстан көз тартады. Алдындағы алаңқайда демалушыларға орындықтар қойылған.
Жалпы, ауданда жыл басынан бері іс-шаралардың барлығы да ару қала Астанаға арналып өткізіліп келеді. Білім ошақтары мен мәдени мекемелерде, кітапханаларда елордамызға арналған кездесулер, көрмелер, байқаулар ұйымдастырылып, “Астанамен бірге өсеміз” атты акция аясы күннен-күнге кеңейе түсуде. Соның бірі “Тәуелсіздік” саябағындағы “Туған күніңмен, Астана” атты шоу бағдарлама мен театрландырылған қойылым аудан тұрғындарын әдемі әсерге бөлеп, ұмытылмастай есте қалды.
Бұл саябақ – атасулықтардың әрқашан сүйсіне тынығатын орны. Оның бір шетіне дала асханалары, кәуәпханалар мен сауда-саттық орталықтары орналасқан. Келесі бетінде ауылшаруашылық өнімдерінен жәрмеңке ұйымдастырылып тұрады. Ет, сүт, құрт, май, ірімшік, қымыз, қаймақ көпшілікке арзандатылған бағамен сатылады.
Ал жұртшылыққа ең қызықтысы – мәдени бағдарламаларда көркемөнерпаздар ұйымдарының концерттеріне үлкен жол берілуі болып табылады. Ән мен күйге бүйректері ерекше бұратын жергілікті қауымның сондай-ақ спорт өнеріне де аса ден қоятыны байқалады. Сондықтан ойын-сауықтарда бір жақтан әсем әуендер қалықтаса, екінші тұста балуандар белдесіп, футболшылар сайысып жатады. Астана күні мерекесінде 6 спорттық шараға 8 команда қатысып, бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша Жаңаарқа белгі беру және байланыс дистанциясының, Жаңаарқа стансасының күзет мекемесінің командалары жеңімпаздар атанды. Т.Мұқажанов, Ғ.Тұрғамбеков, М.Ыбыраев, Т.Жахметов сияқты жігіттер талапты спортшылар ретінде танылды.
Барлық жағынан Астанаға ұқсауға ұмтылған алыстағы Атасудағы бүгінгі тыныс-тіршілік осындай. Сәні мен сәулеті өскелең өмір талап-талғамына сай жарасып жарқырай түсуде.
Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы.
“ӘНІМ САҒАН, ҚАРАҒАНДЫ”
Кеншілер қаласының өзіндік ерекшелігін ән арқылы танытуға арналған конкурстың бастапқы қорытындысы шығарылды. Бұдан екі ай бұрын жарияланған бұл шығармашылық байқауға әуесқой сазгерлерден 81 ән түскен болатын. Қазылар алқасы солардың ішінен 12-сін іріктеп алды. Енді таңдаулының таңдаулысы Шахтер күні мерекесінде белгілі болады. Оған дейін радио, теледидар арқылы шырқалып, тыңдаушылар талғамы ақтық сынақта шешуші дауыс ретінде ескеріледі.
Қарағанды туралы жаңа ән кеншілер мерекесі өтетін “Шахтер” стадионына жиналғандар алдында шырқалатын болады.
ҚАРАҒАНДЫ.
ҚЫЗЫҚТЫ ӨТКЕН ШАРА
Өткен аптада Лебяжі ауданының орталығы – Аққулыда “Сегіз қырлы әкім кім екен?” деген тақырыпта ауыл әкімдері арасында байқау болып өтті. Мақсаты: ауыл әкімдерінің рухани, мәдени-әдеби ой-өрістері, ана тіліне, ұлттық өнерге деген құрмет-талаптары қандай дәрежеде екендігін бағамдау болды.
Аудандық мәдениет бөлімі ұйымдастырған бұл байқау шынында қызықты өтті. Алдымен әкімдер “Ауылдың сәлемін” жеткізді. Одан кейін “Сұрақ-жауап”, “Менің ауылым, ауданым, елім, жерім”, “Әкім бол, халқыңа жақын бол”, “Өнерге әркімнің-ақ бар таласы” атты төрт бөлімнен тұратын байқау шарттарын орындады. Байқаудың “Сұрақ-жауап” бөлімінде әкімдер атқарып жүрген қызметтеріне сай “мемлекеттік қызмет”, “саяси қызметші”, “жемқорлыққа жолама” сияқты сөздердің мазмұны мен мәнін ашып көрсетті.
Бұл шара қорытындысында ауыл әкімдері бар өнерлерін салды. Ән де шырқады, домбыра да тартты. Сөйтіп, Жамбыл ауылдық аумағының әкімі Нұрман Айтуған жеңімпаз атанды.
Фарида БЫҚАЙ Павлодар облысы.

Алматыда инклюзивті спорт орталығы бой көтереді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Ұлытауда «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп халықты тақырға отырғызғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Испаниядағы турнирде 11 қазақ боксшысы финалға жолдама алды
Бокс • Бүгін, 12:49
125 млн теңге: Түркістанда 21 адамды алдаған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді
Аймақтар • Бүгін, 12:32
NASA ғарышта iPhone пайдалануға ресми рұқсат берді
Оқиға • Бүгін, 12:12
Спорт • Бүгін, 11:55
7 ақпандағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 11:43
Ақтөбе мен Атырауда ауа сапасы күрт нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:33
Ташкентте белдесетін дзюдошылардың есімі белгілі болды
Спорт • Бүгін, 11:23
DeepSeek пен ChatGPT-ді жалған нұсқалардан қалай ажыратуға болады?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:03
Ауа райы • Бүгін, 10:42
45 жол апаты тіркелді: Астана полициясы жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 10:32
Солтүстікке бетбұрыс: Қоныс аударушыларды қолдаудың жаңа форматы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Әлеуметтік сала: ілгерілеу мен іркілістер
Саясат • Бүгін, 10:00
Олимпиада-2026: Алғашқы жарыс күнінде кімдер өнер көрсетеді?
Спорт • Бүгін, 09:57