Ғылым • Бүгін, 12:54

Астанада Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасы өтеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл тамыз айында Астана қаласында жасанды интеллект бойынша алғашқы Халықаралық олимпиада өтеді. Бұл туралы әлеуметтік желіде Спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасы өтеді

Фото Depositphotos.com

Оның айтуынша, бұл маңызды іс-шараны өткізу туралы келісімге қол қойылған. Олимпиадаға әлемнің үздік жас зияткерлері жиналады.

«Бұл біздің жастарымыздың білім мен технологияны игеруге және халықаралық деңгейде бәсекеге түсуге дайын екенін дәлелдейді. Федерация басшысы ретінде біздің жас мамандардың деңгейі қарқынды өсіп жатқанын көріп отырмын. Қазірдің өзінде олар әлемдік технологиялық компанияларда сұранысқа ие болып, цифрлық экономикаға үлес қосып жүр. Бұл – жүйелі жұмыстың нәтижесі: 2024 жылы Қазақстан ICPC финалын қабылдады, ал 2025 жылы ұлттық құрама Қытайда өткен жарыста әлем бойынша төртінші орын алды», деді ол.

Сонымен қатар, Бағдат Мусин Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевке қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Оның сөзінше, мемлекет пен жеке сектордың өзара тиімді жұмысы осындай нәтижелерге жеткізіп отыр.

Президент: Цифрландыру мен жасанды интеллектінің дамуына баса мән беруіміз керек

Олимпиаданың Қазақстанға берер пайдасы ретінде ол жаһандық таланттар нарығына тікелей шығу, жаңа серіктестіктер мен инвестициялар тарту, кадр даярлау деңгейін арттыру және елдің технологиялық хаб ретіндегі беделін нығайтуды атады.

«Астанада олимпиада өткізу – Президент жариялаған Жасанды интеллект жылының заңды жалғасы. Бұл біздің дұрыс бағытта келе жатқанымыздың дәлелі», деп жазды Бағдат Мусин.

Жасанды интеллект азық-түлік бағасын бақылауға көмектеседі

Соңғы жаңалықтар