Бастама ұлттық халық ауыз әдебиетінің асыл мұрасы саналатын жыраулық дәстүрді сақтау, дамыту және жас ұрпақ тәрбиесіндегі рухани маңызын айқындау мақсатында ұйымдастырылған.
Іс-шара аясында 36 жыршы жырды бірінен соң бірі үздіксіз 24 сағат бойы орындап, ұлттық жыраулық дәстүрдің өміршеңдігін дәлелдеді. Бағдарламаға «Қырымның қырық батыры» эпикалық циклінің 31 000 жолдан тұратын 36 дастаны және «Пайғамбарлар қиссасы» енді.

Жырлау көне дәстүрлі құрылым бойынша жүргізіліп, орындаушылар бір-бірінен іліп әкету тәсілі арқылы эпостың үздіксіздігін сақтады.

Жыр жобасына Азия мен Африка елдері бойынша GBR әлемдік рекордтар кітабының өкілі жоба нәтижесін ресми түрде тіркеді. Нәтиже талаптарға сәйкес расталып, жоба әлемдік рекордтар тізіміне енді.