Шымкент гарнизонындағы 10216 әскери бөлімнің жеке құрамы экологиялық акция ұйымдастырды. «Тазару күні – Наурызнаманың соңғы кезеңі ғана емес, таза оймен және әлемді жақсартуға деген ниетпен жаңа жылды бастау», деп атап өтті бөлім командирі подполковник Дәулетбек Қоғабаев.
Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждеде әскери қызметшілердің, оқытушылар және тәрбиеленушілердің қатысуымен экологиялық акция өтіп, оқу орнының жеке құрамы аумақты ретке келтіріп, оқуға және демалуға ыңғайлы әрі қолайлы орта жасауға атсалысты.

Бұл күні Бауыржан Момышұлы атындағы механикаландырылған бригада шабуылдау батальонының келісімшарт бойынша әскери қызметшілері мен сарбаздары, әскери бөлім аумағында ағаш көшеттерін отырғызып, игі іске жұмылды. Бұл іс-шара әскери ұжымдағы бірлік рухын нығайтуға септігін тигізді.
Тазару күні: Президент азаматтарды тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырды
Экологиялық бастаманы Жетісу гарнизоны да белсенді қолдап, 18386 әскери бөлім қызметшілері ұлттық киіммен көшет отырғызып, дәстүр мен табиғатты қорғау арасындағы үйлесімділікті көрсетті.