Қоғам • Бүгін, 11:15

Арқалықта су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының Арқалық қаласында көктемгі жылыну мен қардың еруіне байланысты су тасқынының алдын алу шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға  Ұлттық ұланның әскери қызметшілері құтқарушылармен және азаматтық қорғау мамандарымен бірлесіп жұмылдырылды, деп жазады Egemen.kz.

Арқалықта су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді

Фото: Ұлттық ұлан

Қостанайда орналасқан 6697 әскери бөлімінен 70-ке жуық ұландық Арқалыққа арнайы жіберіліп, жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсетіп жатыр. Алғашқы күннен бастап олар жүктелген міндеттерді жедел әрі үйлесімді орындауға кіріскен.

Еліміздегі су тасқыны қаупі жоғары өңірлер белгілі болды

Қазіргі уақытта әскери қызметшілер алдын алу шараларының кешенін жүзеге асырып жатыр. Атап айтқанда, еріген су жиналуы мүмкін аумақтар тұрақты бақылауға алынып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бұл жағдайдың күрт өзгеруіне дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін

Әсіресе, халыққа көмек көрсетуге басымдық берілген. «Новый» ауданында ұландықтар ауланы қардан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінге дейін 200-ден астам аула қардан аршылып, жұмыс күшейтілген режимде жалғасқан.

Қазақстан жолдарында су тасқыны қаупі бар 200-ден астам учаске анықталды

Соңғы жаңалықтар