Фото: www.gov.kz
Қор портфелінің құрылымында теңгелік активтер 59,6%-ды, ал шетел валютасындағы үлес 40,4%-ды құрайды. Инвестициялардың басым бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарға (43%), квазимемлекеттік сектор облигацияларына (9,2%) және екінші деңгейлі банктер облигацияларына (2,4%) бағытталған.
2025 жылы Сенаттың ұсыныстарынан кейін Ұлттық Банк инвестициялық стратегияны жаңартты. Атап айтқанда, АҚШ мемлекеттік бағалы қағаздарының үлесі 30%-дан 15%-ға дейін қысқартылып, акциялар үлесі 30%-ға дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар, валюталық портфельге 10% көлемінде баламалы инвестициялар енгізілді.
Жаңа құрылым бойынша валюталық портфель жаһандық акциялардан (30%), дамушы нарық облигацияларынан (25%), корпоративтік облигациялардан (20%), баламалы құралдардан (10%) және дамыған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарынан (15%) тұрады. Сарапшылардың бағалауынша, бұл тәсіл портфель кірістілігін арттыруға мүмкіндік береді.
ЕАЭО елдерінің 100 мыңнан астам азаматына зейнетақы жарнасы төленді
2025 жылдың қорытындысында БЖЗҚ активтерінің кірістілігі 7,43%-ды құрап, инвестициялық табыс 1,77 трлн теңгеге жетті. Ұлттық Банк алдағы уақытта портфельді әртараптандыруды жалғастырып, валюталық үлесті 40% деңгейінде сақтауды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосқанын хабарлаған едік. Бұл арқылы азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады.