26 Ақпан, 2015

Қостанайда соғыста хабарсыз кеткен 126 жауынгердің есімі анықталды

282 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
IMG_0510ҚОСТАНАЙ. 26 ақпан. «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының кезектен тыс конференциясында Жеңістің 70 жылдығына дайындық және оны өткізу мәселесі қаралды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Конференцияда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Сапарова Жеңістің 70 жылдығына партия филиалы жүргізіп отырған дайындық жұмыстарына шолу жасады. Облыста қазір 357 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрып жатыр. Облыс өңіріндегі үкіметтік емес ұйымдар, жастар «Ардагерлерді ардақтайық!» республикалық жобасының жақсы әріптесіне айналды. Әскери-патриоттық клубтар, жастар ұйымдары іздестіру жұмыстарына белсене қатысып отыр. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Сапарова: «Жақсы мысал өте көп. Мысалы, Қостанай ауданы, Владимиров селосындағы «Олимп» әскери-патриоттық клубы Ұлы Отан соғысында хабарлсыз кеткен 126 жауынгердің есімін анықтап отыр. Бүгінде олардың 20-сының қайда жерленгені анықталды» деді. Сондай-ақ, аймақтық «Костанайский новости» газетінде «Қайта оралған есімдер» айдары екі жылдан бері үзбей танымдық материалдар беріліп келеді. Ол арқылы талайлар хабарсыз кеткен аталарын тапты. Жастар бастамасымен өткен жылы 3 мың зейнеткердің үйіне барып, көмек берілді. Облыстық филиалдың бастамасымен қолға алынған «Менің атамның портреті» акциясы шеңберінде 1 300 ардагердің суреті жиналды. Бұл акцияға партияның аудандық, қалалық филиалдары да бенлсенді атсалысуда. Конференцияда жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ерлан Жаулыбаев соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне жасалып отырған мемлекеттік көмек жөнінде айтып берді. Облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Нұралы Сәдуақасов соғыс ардагерлерінің барлығына тек мереке қарсаңында ғана емес, барлық уақытта қамқорлық жасалуы тиіс екенін айтты. Сонымен қатар, облыстың барлық өңірінде ескерткіштер мен саябақтардың мерекеге дейін тегіс жөнделіп, жаңғыртылып болуын тапсырды. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz. IMG_0509 IMG_0511